Қазақстан • 10 Маусым, 2020

Өткен жылы 45 мың тонна балық ауланды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикада балық шаруашылығы маңызды рөл атқарады. 2019 жылы 45 мың тонна балық ауланды, бұл 2018 жылғы деңгейден 23%-ға жоғары (36,4 мың тонна). Салада 11 мың адам жұмыс істейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Өткен жылы 45 мың тонна балық ауланды

"Елімізде балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады, онда 1 мыңнан астам (1126) адам жұмыс істейді. Тауарлық балық өсіру көлемінің өсуі байқалады. 2019 жылы 6,9 мың тонна балық өсірсе, бұл 2018 жылғы деңгейден 19%-ға жоғары. Осы жылға жоспар – 7,8 мың тонна",  -деді министр.

Өткен жылы балықты қайта өңдеу нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн АҚШ доллары болатын 30 мың тонна өнім экспортталды, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,6% - ға артық.

"Балық саласындағы өткір проблема балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы болып табылады. Ол балық өндірудің орташа жылдық көлемінен 5 есе артық. Оны жою үшін балық айналымының барлық процесін су айдынынан соңғы тұтынушыға дейін цифрлау қажет. Балықтарды көлеңкеден шығару салық салу базасын 40 млрд теңгеге арттырады", - деді М. Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, Каспий теңізінің ресурстарын игеру есебінен отандық нарық көлемін 66-дан 120 мың тоннаға дейін, балық аулау 45-тен 60 мың тоннаға дейін, ал балық өсіру 7-ден 60 мың тоннаға дейін ұлғайтудың жоғары әлеуеті бар.