Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасындағы келісім негізінде далалық зерттеу жұмыстары басталды. Археологиялық экспедиция оғыз мәдениетінің мұрасы Жанкент қаласы мен Сортөбе қалашығында жұмыс істеп жатыр.

Ежелгі аңызда Қорқыт баба дүниеге келді делінетін Жанкент осыған дейін де аз зерттелген жоқ. Бірақ Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы мен облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің мамандары бірлесе атқарып жатқан бұл жолғы қазба жұмыстарының жөні бөлек. Мамандар Қазалы ауданы аумағындағы тарихи қалашықта стратиграфиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ашылған тұрғын үй бөлмелерін, оның ішіндегі интерьерлерін қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұл ашық аспан астынан музей жасап, туристерді тарихи орынға тарту жобасының бір бөлігі.
Қазба жұмыстары барысында қала тіршілігінен мол мағлұмат беретін құнды археологиялық жәдігерлер, қыш ыдыс сынықтары әлі де табылып жатыр екен. Осы жылғы жоспар бойынша қаланың солтүстік қабырғасы бетіндегі екі мұнара толықтай ашылуы керек.
Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінен батысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан Сортөбе мамандар назарына кейін іліккен тарихи нысанның бірі. Ең алғаш осыдан 12 жыл бұрын белгілі археолог Жолдасбек Құрманқұлов бастаған Шірік-Рабат археологиялық барлау тобы мен ғалым Мадияр Елеуов жетекшілік ететін «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» мамандары Сортөбеде болып, су шайып бара жатқан қалашықтың жобасын сызып, суретке түсіріп, табылған құнды жәдігерлердің суреттерін жариялап, ел назарын аударған еді.
– Облыс әкімдігінің қолдауымен жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының мақсаты су шайып, жойылу алдында тұрған ортағасырлық Сортөбе І және ІІ қалашықтарындағы архитектуралық құрылыстарды сақтау, ескерткіштерді ашық аспан асты мұражайына айналдыру және өңірдің туристік картасына енгізу. Қала орнын зерттеуге бізден бөлек Ресейдің Шығыс музейі, Түркияның Измир университеті, Германияның Эберхард-Карл атындағы Тюбинген университеті мамандары жұмылдырылған, – дейді Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Археология және этнография» ҒЗО жетекшісі, PhD докторы Әзілхан Тәжекеев.
Сортөбе I, Сортөбе II деп белгіленген қос қалашықтың алғашқысының батыс қабырғасының 80, оңтүстік қабырғасының 70 метрі сақталған, биіктігі 3,5-4 метр болатын төбенің солтүстік және шығыс беткейін Сырдария өзені толық шайып кеткен. Қалашықтың керамикалық кешені өте бай, осы жерден табылған VII-VIII ғасырлар заттарына тән бүйірі иінді, қабырғасы бүйірінен ернеуіне қарай сыртқа иілген тостағандар Жетіасар ІІІ кезеңіне жататын жәдігерлер мен Отырар қаласынан қазылып алынған заттар арасынан ұшырасады. Сонымен қатар IX-X ғасырларға жататын үстінде ойып салынған сызықты өрнектері бар қақпақтар, әртүрлі мақсатта пайдаланылған «қошқар» бейнесіндегі культтік бұйымдар көп кездеседі.
Қазір Сортөбе І қалашығының оңтүстік-батыс қабырғалары және үйлердің орындары аршылуда. Осының нәтижесінде қалашықтың жоғарғы мәдени қабаттары
VIII-ІX ғасырларда болған деген болжам жасалды. Қаладағы тіршілік Сырдария өзені арнасының ауысуына байланысты тоқтап, мұндағы халық Жанкент бағытына ығысуы мүмкін. Әзірге бұл тек болжам ғана. Қаланың пайда болған уақыты, өмір сүрген кезеңдері және ондағы тіршіліктің тоқтауына себеп болған жағдайлар келешекте жүргізілетін археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталады.
Сонымен қатар Сортөбе ІІ қалашығының цитадель бөлігі қолға алынды. Қазба барысында аршылған құрылыс нысандары мен жәдігерлер кешені Сортөбе ІІ-нің ХІІ-ХІІІ ғасырларда үлкен мәдениет орталығы болғанын көрсетеді.
– Қазақстаннның ортағасырлық археологиясында Оғыз кезеңі туралы дерек тым тапшы болып келді. Сортөбеде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде сол кезеңнің археологиялық мәдениеті туралы жан-жақты, кешенді мәліметтер алуға болады. Келешекте бұл қалашықтар ортағасырлық Оғыз кезеңіне қатысты үлгілі ескерткіштердің біріне айналуы мүмкін, – дейді Әзілхан Әуезханұлы.
Ғалымдар Сортөбе ескерткіштер тобы Қорқыт ата қорымына ең жақын оғыз кезеңінің құрылыстары екендігін айтады. Сол себепті Қорқыт ата кешені – Жосалы – Сортөбе бағыттары бойынша туристік маршрут енгізу қажет. «Жасы» ІХ ғасырға сәйкес келіп отырған қалашықтың жоғарғы қабаты Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді. Демек, ондағы қазба жұмыстарының нәтижесінде Қорқыт баба заманындағы тұрғын үйлердің қандай болғандығын білуге мүмкіндік туып тұр. Тіпті этнографиялық деректерде кездесетін Ордазы қалашығы осы Сортөбе болуы мүмкін.
Жергілікті әкімдіктің қолдауымен археологтар биыл тамыз айында орта ғасырлық кезеңнің тағы бір таңғажайып тәбәрігі Асанас қаласының орнын зерттеуге кіріседі.
ҚЫЗЫЛОРДА
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар