Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Өртке оранған саяжайдан 5 адамның мүрдесі табылды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Степногорск қаласында орын алған. Қала шетіндегі саяжай от құшағына оранып, өрт сөндірілгеннен кейін ол жерден 5 адамның мүрдесі табылған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Өртке оранған саяжайдан 5 адамның мүрдесі табылды

"Өрт саяжай құрылысын және таяу маңдағы моншаны шарпыған. Қызыл жалынның аумағы 28 шаршы метрге жуық көлемді қамтыған. Аяқ астынан орын алған өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 9 қызметкер мен 2 арнайы техника, кезекші жедел-тергеу тобының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды", – дейді облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Алексей Советов.

Оқиға орнына сынақ өрт зертханасы жіберілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.

 

Ақмола облысы