"Nur Otan" партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша "Biz Birgemiz" республикалық акциясына қатысқан ең белсенді волонтерлар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Таяуда билеуші партияның Лидері қазақстандық әрбір волонтерға өз ықыласын білдіріп, алғыс хаттарға қол қойған еді.
"Төтенше жағдай кезінде "Jas Otan" бүкіл ел бойынша бес мыңнан астам еріктіні жұмылдырды. Олар демалыссыз жұмыс істеп, мұқтаж адамдарға көмек жеткізді. Нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасқаны қуантады. Олардың ең белсенділеріне арналған алғыс хаттарға қол қойдым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Салтанатты шара барысында "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Jas Otan" жастар қанатының волонтерлары бүкіл ел бойынша 250 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеттерін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізіп бергенін атап өтті. Жасотандықтар алғашқылардың қатарында Мақтаарал ауданына аттанып, қазіргі кезде 500-ден аса жас су басудан зардап шеккен ауыл тұрғындарына ақысыз көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
"Өздеріңіз білетіндей, Елбасының бастамасымен "Nur Otan" партиясы Мемлекет басшысының қолға алған дағдарысқа қарсы шараларына қосымша мұқтаж қазақстандықтарға қарқынды көмек көрсетіп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорының желісі бойынша меценаттардың қолдауымен 470 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алды. Тұңғыш Президент Қорымен бірге аса мұқтаж отбасыларға атаулы қолдау көрсету ұйымдастырылды. Осынау жұмыстарды атқаруда волонтерларымыздың рөлі зор болды. Бұл ретте 2019 жылды Нұрсұлтан Әбішұлы "Жастар жылы" деп атаса, ал 2020 жылды ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Волонтер жылы" деп жариялауы символдық мәнге ие болды. Сіздер өз отаншылдықтарыңызды, азаматтық пен жанашырлықтарыңызды таныта отырып, бүкіл қазақстандық жастарға үлгі көрсеттіңіздер", - деді Бауыржан Байбек.
Сонымен бірге Төрағаның Бірінші орынбасары жастарды алдағы партрияішілік таңдау – праймеризге қатысуға шақырды.
"Өткен аптада партия Лидері биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта Праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Біздің мақсатымыз – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлауларға партиялық тізімдер қалыптастыру үшін жаңа лидерлерді анықтау бойынша барынша ашық әрі бәсекелестік негізде іріктеу өткізу. Бұл ретте 35 жасқа дейінгі жастарға – 20%, ал әйелдер үшін – 30% квота көзделген. Осы арқылы біз дарынды да бастамашыл жастарымыз үшін партиялық "әлеуметтік лифтіні" қамтамасыз етпекпіз", – деді Бауыржан Байбек.
Осы аптаның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен үш мыңдай қазақстандықты марапаттау жоспарланғанын атап өткен жөн. Олардың арасында партияның өңірлік филиалдарының волонтерлары мен белсенділері, сондай-ақ қайырымды меценаттар бар.
"Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде көптеген адамдар қиын жағдайға тап болды. Менің оларға қандай да бір көмек бергім келді. Әлеуметтік желілерден «Nur Otan» партиясы мұқтаж азаматтарға азық-түлік жеткізіп беріп жатқанын және бұл іске көмек беретін еріктілер қажет екендігін білгеннен кейін мен бірден хабарластым. «Biz Birgemiz» секілді ауқымды акцияға қатысқаныма шексіз ризамын", - деп, волонтер Эльмира Айғалиева өз әсерімен бөлісті.
"Jas Otan" жастар қанаты белсенділерінің бірі Сергей Матюшенко өз кезегінде Елбасының алғыс хатын алу ерекше мәртебе екенін және адамдарға көмек көрсетуге қосымша күш-жігер сыйлайтынын атап өтті.
"Еліміз үшін осынау күрделі уақытта "Nur Otan" партиясы барша ақжүрек азаматтар мен жастарды біріктіре отырып, жұртқа өзінің жауапкершілікті арқалап, халықтың қамын ойлайтын саяси күш екендігін көрсете білді. Алдағы праймериз - "Nur Otan"-ның жастарға өз қабілеттерін ашулары үшін нақты жағдай жасап отырғанына тағы да бір дәлел", - деді ол.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар