Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Көкшетауда сасық балықтарды аулау тыйылмай отыр

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудың кәріз суы құйылатын Мырзакөлден балық аулау тыйылатын емес. Сондықтан, оның қай дастархан қойылып жатқандығын ешкім де білмейді. Бір анығы, балықшылар жеуге жарамайтын балықтарды "жабайы" базарларда сатып жүр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда сасық балықтарды аулау тыйылмай отыр

Көкшенің омырауына таққан сексен моншақ іспетті сексен көлінің бірі – мырзакөлден бақ қайтқалы қашан. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы кәріз суы құйылған соң маңайына жан жолап болмайтын қорысқа айналған. Бірақ, осындай суда да балық өседі екен.

"Мырзакөл көлі 1972 жылдан бері кәріз суы құйылатын орынға айналды. "Көкшетау Су арнасының" кәсіпорнының меншігінде. Жергілікті атқарушы билік бекіткен балық аулаға болатын су айдындарының қатарына жатпайды", – дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Сансызбай Ыдырысов. 

1972-1993 жылдар аралығында Мырзакөл көліне кәріз сулары еш тазартусыз жіберіліп отырған. Бұрын жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша судағы зиянды заттар белгілі нормадан асқан. Көлде тұқы балықтары бар. Оларға жүргізілген биологиялық сараптамалар асқа пайдалануға жарамайтындығы дәлелденіп отыр.   

Жыл басынан бері өкілетті орган өкілдері 340 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген. Әкімшілік жазаға тартылғандарға 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. 100-ден астам ау тәркіленген. Әйтсе де иен тегін болған соң сасық балық сатып ақша тапқысы келетіндер аз емес.  

 

Көкшетау облысы