Спорт • 11 Маусым, 2020

Головкин ең үздік 100 спортшының бірі

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдағы әлемнің ең үздік 100 спортшысы қатарына енді. Тізімді испаниялық Marca журналы әзірледі.

Головкин ең үздік 100 спортшының бірі

Былғары қолғап шебері 77-орынға тұрақтаған. «Өте жойқын соққының иесі. Көпке дейін әлемнің ең үздік боксшы атанып келді», деп жазған Marca журналы Головкин туралы.

Жалпы, тізімді америкалық суда жүзудің хас шебері Майкл Фелпс бастап тұр. Ол 23 мәрте Олимпиада, 26 рет әлем чемпионы атанған. Екінші орынды 8 дүркін Олимпиада чемпионы желаяқ Усейн Болт иеленсе, үздік үштікті теннисші Роджер Федерер қорытындылап тұр.

Үздік ондық:

  1. Майкл Фелпс (жүзу)
  2. Усэйн Болт (жүгіру)
  3. Роджер Федерер (теннис)
  4. Рафаэль Надаль (теннис)
  5. Кобе Брайант (баскетбол)
  6. Тайгер Вудс (гольф)
  7. Лионель Месси (футбол)
  8. Льюис Хэмилтон (автогонки)
  9. Валентино Росси (мотожарыс)
  10. Криштиану Роналду (футбол)

...

77. Геннадий Головкин (бокс)

Толық тізіммен танысу үшін мына сілтемеге басыңыз.