Таным • 12 Маусым, 2020

Тәлкекке түскен тағдыр (Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясовтің ісі туралы)

2467 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов 1920 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек (Сырдария) ауданы, «Қызыл Коммуна» ұжымшарында туған. 1933-1936 жылдары балалар үйінде тәрбиеленген. Орталық Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыған. 1937 жылы Ташкент педагогикалық училищесін бітіріп, мектепте неміс және тарих пәндерінен сабақ берген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Венгрияның Будапешт қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Будапеште оның есімімен аталынған көше бар.

Тәлкекке түскен тағдыр (Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясовтің ісі туралы)

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

1945 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары туған жерінде жауапты қыз­меттер атқарды, аудандық партия ко­­­митетінің хатшысы, «Қазақ ССР-нің 50 жылдығы», «Қараөзек» және «Комсомол» кеңшарларының директо­ры, облыстық атқару комитетінің бөлім мең­герушісі қызметтерін атқарды. Бұ­рынғы «Қазақ ССР-нің 50 жылдығы» кеңшары қазір Нағи Ілиясовтің есімімен аталады.                                        

Бұрынғы облыс басшысы Сәлімгерей Тоқтамысов туралы «Қалтыратқан кар­та» атты мақала жазылған кезде Ке­ңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов ағамыз жайында жағымсыз деректер кездесіп, қатты көңілім қалған еді. Ба­ла кезімізде Нағи ағамызбен мақ­та­на­­тынбыз. Расын айтқанда, батыр аға­мыздың ерлік үлгісімен талай ұрпақ тәрбиеленді. Жастар үлгі тұтып жүрген ағамызға жоғары лауазым иелерінің үлкен мінберден «жулик и проходимец» деп айтқандары, әрине, жанға батты. Бұл кеше қан майданда ерлік көрсеткен батыр ағамызға бейбіт күнде жабылған жала болатын.

«Қалтыратқан карта» атты мақала 1962 жылы «Правда» газетінде жария­ланған «Битая карта» фельетон негізінде жазылған болатын. Газет тіл­­ші­лері Ф.Бреце мен Х.Қаржаубаев Жал­­ағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Тасыбаевтың берген түсініктеме хатына сүйеніп, облыс басшысы С.Тоқтамысовтың көмекшісі Әлімбетов, басқарма бастығы Адамов және Жалағаш аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары Ілиясовпен, яғни қол астындағы қызметкерлерімен бірігіп, карта ойнағанын сықақ тілімен қатты сынға алған екен. Ілиясов ағамыз туралы былай делінген: «...Всех должнос­тей этого игрока не перечесть. Скажем только, что хозяйствование Ильясова в качестве директора «Заготскотоокорма» обошлось государству в 1.092.800 рублей убытка и в 141 тысячу рублей раст­рат и хищений. Но даже это сокрушительное банкротство не помешало Ильясову занять еще одну руководящую должность: он стал заместителем председателя Джалагашского райисполкома».

Мәскеулік журналистердің пікірі бойынша облыс басшысының картаға құмар екенін біліп, қарамағындағы қыз­меткерлер арнайы карта ойынын ұйымдастырып, оған қасақана ұты­лып тұратын көрінеді. «Осындай арсыз жолдармен облыс басшысының қам­қорлығына ие болып, олардың қыз­меттері жоғарылап отырған», дейді тіл­шілер. Олар фельетонда былай деп жазады: «Люди стали замечать, что любовь Салимгерея Токтамысовича при подборе кадров неизменно сопутствует тем, кто активно проигрывает ему в кулыс...». Дәлел ретінде Адамов пен Ілиясовтің бұрынғы атқарған қызметтерін түгендеп шығады.

1962 жылы 21 қаңтарда Қазақстан КП Орталық комитетінің Бюросы «Правда» газетінде жарияланған фелье­тонға байланысты арнайы отырысын өткізіп, Қызылорда облыстық партия комитетінің жұмысындағы елеулі кемшіліктер жөнінде қаулы қабылдайды. Бюро ұсынысы бойынша 1963 жылы 10 қаңтарда Қызылорда облыстық пар­­тия комитетінің V Пленумы өте­ді. «Қы­зылорда облыстық партия ко­ми­теті­нің жұмыстарындағы елеулі кем­ші­лік­­тер жөнінде» күн тәртібінде екінші мә­се­ле болатын. Алайда Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшысы И.Юсуповтың ұсынысы бойынша бірінші болып қаралады. Пленумды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Шушарин ашып, хабарламаны Юсупов жасайды. 1960-1962 жылдар аралығында облыс көлеміндегі жемқорлық пен талан-таражға түскен қоғамдық дүние-мүлік туралы нақты деректер келтіреді. «На объектах народ­ного хозяйства области выявлены растраты и хищения на сумму 755.592 руб­ля. При этом большая часть расхищенного имущества и скота списывается на убытки», дейді республика басшысы. – Крупные злоупотребления выявлены в состеме треста «Заготскотооткорм», где допускались многочисленные факты замены взрослого скота на молодняк, сок­рытия от учета полученного приплода. Под видом отоваривания нарядов здесь скот раздавался разным лицам по оптовым ценам и даже бесплатно».

«Заготскотооткорм» мекемесіндегі ұрлық пен ысырап ету қылмыстарына бұрынғы басқарушысы Нағи Ілиясов кінәлі болып шығады. Пленумда қабыл­данған қаулыда былай делінген: «Бюро обкома партии не только не приняло решительных мер к пресечению фактов расхищения государственного доб­ра в системе треста, но по существу взяло под защиту жулика и проходимца, бывшего управляющего трестом «Заготскотоокорм» Ильясова, которого позднее председатель облисполкома тов.Оспанов протащил даже на руководящую советскую работу».

Осыдан кейін Н.Ілиясов қызметінен босатылады. Көп кешікпей партия қата­рынан шығарылып, құқық қорғау органдары оған қарсы қылмыстық іс қозғайды. Н.Ілиясов естеліктерінің бірінде былай дейді: «Шындығы сол, қоғамның мал-мүлкіне, ақша-қаражатына суық қолдарын аянбай сұққан облыс және аудан басқарушы ірі лауазым иелері бірігіп, ұзақ уақыттан бері облыстың мал бордақылау тресі бойынша өрескел орын алып, ірге тепкен қылмысты, сол треске директор болып келісімен өзім ашып, материалдарын тиісті органдарға берсем де, оны маған аударып, 1962 жылы 19 қазанда Оңтүстік Крайкомның бю­росында партия билетімді алып, үй-мүлкімді қаттап, өзімді қылмыстық жа­уап­­қа тартты...».

Жас кезінен адал еңбек етіп, әділдік іздеп шындықпен күрескен Нағи Ілиясов осылай қуғынға ұшырайды. Бірі білсе, бірі біле бермейтін шығар, кезінде «Қара­өзек» совхозына Ілиясов ағамыз директор болып, кейінге қалып қойған шаруашылықты республика көлемінде бірінші орынға шығарады. Кеңшарда малшыларға тұрғын үй, малдарына жаңадан қора салып берді. Орталыққа басқа шаруашылықта жоқ балалар бақшасы, қонақ үйі (!), клуб, аурухана, асхана, монша, шаштараз, шеберхана және электр стансасы салынады. Кеңшар тәжірибе мектебіне айналды. Басқа алдынғы қатардағыларға қарағанда, Н.Ілиясов басқарған совхоздың көрсет­кіші артық болмаса, кем болмайды. Осындай жетістікке жеткен кейбір сов­­хоз­дың директорлары Социалистік Ең­бек Ері атағын алып жатты. Әңгіме болып отырған жылдары Сырдария ауда­нына қарасты «1 Мамыр» кеңшары­ның директоры Орынбасар Бәйімбетов Еңбек Ері атағын алды.                          

Бәйімбетов ағамыз «Парыз» атты кітабында былай дейді: «Жыл қортын­дысымен ауданымыздың мені Еңбек Қызыл Ту орденіне ұсынғанын естіп қуанып қалдым...Сөйтсек ауданның ұсы­нысы облысқа барғанда Ленин ордені болып өзгеріп, оны бекіту жөнін­дегі ұсыныс Алматыдан Мәскеуге қа­рай кетеді... Мәскеудегі комиссия ме­нің құжаттарымды Алматыға тағы қай­­тарыпты. СОКП Орталық Коми­те­тінде отырғандар: «Ұсыныс қайта қа­­рал­сын. Көрсеткіштері көңілден шы­ғып тұр. Қарсы болмасаңыздар – Еңбек Ері атағына ұсынайық», депті. Кеңес дәуірінде Еңбек Ері атағын алу үшін алдымен Ленин орденімен наградталуы керек. Бұл жолы белгіленген тәртіп бұзылды. «Орден, медаль жөнінде бір­ауыз өтініш салған жоқпын», – дейді Бәйімбетов.

Әрине Еңбек Ері бақыт құсы тә­різді. Әркімнің басына қона бермейді. Бұрынғы Сырдария аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Қонысбек Қазантаев ағамыз саяси ойындардың кесірінен Еңбек Ері атағын ала алмаған. Қазантаевпен бірге жұмыс істеген, со­ғыс және еңбек ардагері Көбейсін Исаев «Қажырлы еңбектің иесі болатын» атты мақаласында былай дейді: «Қ.Қазантаев Отанының көптеген жо­ғарғы наградаларына, соның ішінде үш Ленин орденіне ие болды. Осыған бай­ланысты, социализм заманындағы әділеттілік бұрмаланатынын айтып кетейін, өйткені мен тәрбие саласының адамымын ғой. Бір жұмыс саласында жоғарғы көрсеткішке жетіп Ленин орденімен наградталса, сол салада сол жетістікті екінші рет қайталаса тағы Ленин ордені мен Социалистік Еңбек Ерінің алтын жұлдызы қосып тапсырылуы керек».

Алайда Қазантаев екі емес, үш рет Ленин орденімен марапатталып, бірақ Еңбек Ері атағы берілмеген. «Мұны досқа аз құрмет деп отырғаным жоқ. Бірақ жарты ғасырдан артық Отанына өмірін қиып адал қызмет жасаған, үз­діксіз шаң жұтып еңбек еткен, елді асы­раған асыл азамат жұртпен тиісті бағасын алмағанына ренжиміз де», – дейді Исаев.                 

Еліне аянбай еңбек еткен Нағи Ілия­сов ағамыз да жоғарғы атақтан үмітті болған секілді. Алайда атақ алмақ түгілі, қуғынға түскен. Құжаттарға қарағанда, Ілиясов өзінің тағдыр тәл­кегіне түскенін Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы И.Юсу­повтен көреді. Кейін республика басшысы болған Д.А.Қонаевқа жазған хатында былай дейді: «12 октября 1962 года, вопреки требованиям нормы партийной жизни, Южно-Казахстанский крайком партии, по инициативе и настоянию секретаря тов.Юсупова И.Ю., снял меня с работы, исключил из рядов КПСС с привлечением к уголовной ответственности, был произведен обыск и описано все имущест­во. Этим письмом не соби­раюсь повлиять на судьбу тов. Юсупова И.Ю., по его методу ради карьеры. Я хочу рассказать, что в результате незаконных действий тов. Юсупова И.Ю., за последние два года пережил невыносимо тяжелые моральные, политические и физические трудности...». Осы хаттың соңында мынадай жолдар бар: «Я лично знаком с тов.Юсуповым с 1948 года, и знал его преступно-аморальный поступок...».

Сонымен жоғары лауазым иелерінің тапсырысы бойынша жүргізілген ал­дын ала тергеу кезінде Ілиясов аға­мызға екі айып тағылады. Біріншісі, «са­лақтық, яғни ұқыпсыз қарауы сал­дарынан өз міндеттерін лайықты орын­дамаған» дейді. Соның салдарынан «Заготскотооткорм» тресінде ұрлық пен ысырап ету жаппай орын алып, мем­лекетке 1 млн 72 мың 800 сомға зиян келген екен. Екіншісі, 1960-1962 жыл­дар аралығында қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, Жетікөл «откорм» совхозынан 4 сиыр мен 1 жылқы және Жаңақорған «откорм» пунктінен бір түйені мемлекет бағасымен трест қыз­мет­керлеріне сатып, шаруашылыққа 705 сом 79 тиынға зиян келтірген көрінеді.

Қызылорда облысының сот алқасы 1966 жылы 14 мамырда М.Еникеев («Заготскотоооткорм» тресінің 1958-1960 жылдары болған басшысы. – Ә.Б.) пен Н.Ілиясовтің қылмыстық ісін қарап, әдеттен тыс үкім шығарады. Үкімде бы­лай делінген: «Как усматривается из приложенных к делу документов (том №2,3,5,6) Ильясов предпринимал все меры зависящиеся от него по своевременному выявлению злоупотреблений и безхозяйственности. Материалы (более 50 докладных) без задержки передавались им в партийные и следственные органы. Он также ставил вопрос о привлечении виновных лиц к ответственности и возмещению материального ущерба. Кроме того, своевременно поднимал вопросы о подборе и расстановке кадров, но ответственные органы оставляли их без внимания. Как установлено в судебном заседании, некоторые расхитители социалистической собственности, несмотря на неоднократные требования со стороны администрации треста, длительное время оставались на прежних должностях, и при поддержке местных руководителей районной организации, совершали более тяжкие прес­тупления».                     

Сот Ілиясовтің іс-әрекетінде «са­лақ­тық» сипатындағы қылмыстың құ­рамы болмағанын анықтап, бұл жө­нінде айып тағудан бас тартады. Екінші «қылмысына» байланысты сот қабылдаған үкімде былай делінген: «Хотя Ильясовым не был причинен существенный ущерб хозяйству, он свои­ми действиями дал повод отдельным материально ответственным лицам к растранжированию государственных средств.., то есть Ильясова признать виновным по статье 143 УкКазССР (қыз­­мет өкілеттігін теріс пайдалану. ­– Ә.Б.), но на основании статьи 288 УПК КазССР не назначить меру наказания (!)». Расын айтқанда, құқық қорғау және арнайы қызмет органдарында қырық жылдай жұмыс істеп, мынадай сот үкімін кез­дестірген жоқ едім. Сот әділ болуға ты­рысқан, бірақ партия ықпалынан шыға алмаған секілді.

Батыр ағамыз әділдік іздеп Мәскеуге екі-үш рет барады. Әуелі СОКП ОК-нің қабылдау бөлімінде Н.С.Хрущевтің атына арыз жазып береді. Бірақ ол аяқ­сыз қалды. Екінші рет барғанда КСРО Қорғаныс Министрі, Кеңес Ода­ғының Маршалы Малиновскийдің кө­мекшілерінің бірі қабылдап, әділет­тілікті қалпына келтіруге уәде береді. Сөйтіп, СОКП Орталық Комитетіне шығып, Қазақстан бойынша инспекторы Арзу­манян Ілиясовтің ісін бақылауға алады. Мұнымен шектелмей Н.Ілиясов КСРО Бас прокуроры Р.А.Руденкоға арыз жазып: «Я глубоко убежден, что моя судьба в Казахстане обречена на незаконный исход дела. В силу изложенных в данном заявлении всех фактов, убедительно прошу мою судьбу решить в Генеральной прокуратуре СССР», дейді.

Айта кету керек, әділдікті Мәс­кеуден із­деген жалғыз Н.Ілиясов ағамыз емес. Кезінде жазушы Мұхтар Әуезов «ұлт­шыл» атанып, қудаланған кезде баспана іздеп Мәскеуге барған. Мәскеу араласқаннан кейін барып Жалағаш, Қармақшы, Сыр­дария, Тереңөзек және Жаңақорған аудан­дарындағы «Заготскотоокорм» трест бөлімшелерінің басшылары жұмыс­тарынан босатылып, бірқатары қылмыс­тық жауапқа тартылады. «КСРО және Республика прокуратурасы, Мем­лекет қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігінен бір топ жауап­ты адам келіп, облыстық ішкі істер бас­қармасында, облыстық прокура­тура және трест бойынша жа­бы­лып қалған қылмыстық істерді қай­та көтерді. Нәтижесінде, облыстық іш­кі істер бас­қармасының бастығы Бақ­бер­генов, орынбасарлары Мусаев пен Ахметов, облыстық прокуратураның тергеу­шісі Ермеков жұмыстан босатылды. Көп ұзамай нағыз қылмыскерлер мен олар­дың қорғаушылары (небәрі 40 адамдай) түгелдей жазаланды» , дейді естелігінде Н.Ілиясов.

Осыдан кейін Қазақ ССР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ілиясов ағамыздың қылмыстық ісін қайта қарап, оның іс-әрекетінде қылмыстың құрамы болмағанын анық­тайды. Сөйтіп «Приговор Кызыл­ординского областного суда от 14 мая 1964 года – отменить и дело производ­ством прекратить за отсуствием состава преступления», деп шешім қабылдап, бұл іске үзілді-кесілді түкте қояды.

Н.Ілиясов 1987 жылы қайтыс болды. Соңынан «Жауынгер жолы», «Совхоз – фабрика риса» атты кітаптары, көп­теген жазбасы қалды. Солардың бірі «Өмір жолының документтері жай­­­­лы анықтама» деп аталады. Бұл жаз­­­баларында ағамыз «тағдыр маған үш бақыт, үш өмір» сыйлады дейді. «Отызыншы – ашаршылық жылдары балалар үйіне орналасып, аман қалдым. Ташкенттегі педагогикалық училищені бітіріп, салауатты ұстаз болып елге орал­­­дым. Бұл – маған тағдыр сыйлаған бі­­рінші бақытым әрі бірінші өмірім. Ұлы Отан соғысы кезінде үш рет жаралансам да, ең жоғарғы, әрі құрметті Кеңес Одағының Батыры атағын алып, аман-есен елге оралдым. Бұл – екінші бақытым, екінші өмірім. Жалған айыптар тағылып ұзақ уақыт қудаландым, партия қатарынан шығарылдым, қыл­мыстық жауапкершілікке тартылдым. Бірақ әділеттілік түбегейлі менің жағымда болғандықтан, қылмыс жасаушылар да, оларды қызғыштай қорғаушы мықтылар да тиісті жазаларын алды. Соғыс кезінде алған партия билетімді, дақ түсірмей, бұрынғы таза күйінде қайтып алдым. Бұл – менің үшінші бақытым және өмі­рім». Міне, батыр ағамыз өткен өмірін осылай бағалайды.

Кеңес Одағының батыры Нағи Ілия­сов­тің өмірі мен еңбек жолы, соғыс жыл­дарындағы ерлік істері кейінгі ұрпақ­қа өнеге болатыны сөзсіз. Биылғы жылы Нағи Ілиясовтің 100 жылдығы. Бұл датаны Сыр жұртшылығы жоғары деңгейде атап өтеді деген сенімдеміз.

 

Әмірхан БӘКІРҰЛЫ,

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті ардагері,

отставкадағы полковник