Коронавирус • 12 Маусым, 2020

Вируспен осылай ойнауға бола ма?

576 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Тәте, сәлеметсіз бе, ауру жоқ деп жүріп жұқтырып алыппын. Қайдан жұққанын да білмеймін. Бірінші қызуым 39 градустан асып көтерілді, ыстық түсіретін дәрі ішіп жатып қалдым, келесі күні жөтел пайда болды. Тамағым қатты ауырды. Үшінші күні температура болмағанымен әлсіреп, делсал болып тұра алмадым. Төртінші күні дәрігерге қаралып, анализ алып, Теміржолшылар ауруханасына жатқызды. Вирус барлығы толық анықталған соң жаңадан салған модульдық ауруханаға алып келді, дейді бізге хабарласқан оқырман.

Вируспен осылай ойнауға бола ма?

Айтайын дегені, Теміржолшылар аурухана­сының жайы. Сол үшін хабарласып отырмын, себебі он­да­ғы жағдайды министрлік пен жалпы қоғам білуі тиіс деген ойда. Аурухананың жағдайы өте нашар екен. Төсек орындары ескі, әжетханасы көпші­лікке арналған, гигиена сақтау мүм­кін емес, жақында жөндеуден өткен дейді, бірақ ол жай аты ғана болғанға ұқсайды. Бұл провизорлық аурухана, ауру анықталғанша ұс­тап, айқындалғанда жаңадан са­лын­ғанына жібермек. Ең мас­қарасы, вирусқа сынамасы терісі мен оң болған адамдардың бір палатаға жат­қызылуы.

«Бізді жаңадан салын­ған арнайы ауруханаға ауыс­ты­ра­тыны белгілі болғанда, пала­тамызға бұрыннан танитын бір келіншекті алып келді. Мына кі­сі­­лер кеткен соң орны босайды деді. Ал ол келіншекте әлі вирустың бары расталмаған да. Біз шық­қан­да, ешқандай зарарсыздандыру, де­зинфекция жүргізбестен, жуыл­маған бөлмеге апарып жат­қызып қойыпты. Танысым, жылап теле­фонмен сөйлесті. Көрдіңіз бе, біздің орнымызға, COVID-19-бен науқастанған біз­дің жат­­қан жерімізге ауруы растал­ма­ған, вирустың бар-жоғы бел­гісіз  оны жатқызған. Осыны жауап­кер­ші­ліктің жоқтығына ма, аяу­шы­лықтың жоқтығына ма, қайсысына жат­қызарымды да білмеймін.

Елге жеткізіңізші, осындай да жайттар бар. Ал мына модульдық ауруханада мүлде басқаша, ішін­дегі жағдайы да, дәрігерлері де жақ­сы екен. Менің аты-жөнімді жаз­бай-ақ қойыңыз, бір жерге жа­зып жатсаңыз», дейді жерлес сіңілім.

Вируспен осылай ойнауға бола ма?!.