Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Ел шетіндегі Есіл ауданында кәсіпкерлік жандануда

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауылдағылар төрт түлік малдың басын көбейтсе, қаладағылар бизнеспен шұғылдануда. Өткен жылы  кәсіп бастаймын деп ұмтылғандарға қайтарымсыз 94 грант берілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел шетіндегі Есіл ауданында кәсіпкерлік жандануда

Спорт шебері Бекзат Баймұратов жеке жаттығу залын ашты. Қазір ауыл жастары осы жерде спорттың бірнеше түрімен айналысады.

"505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алдым. Ол қаржыға қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым",– дейді жеке кәсіпкер Бекзат Баймұратов.

Жас кәсіпкер тек пайда табуды көздемейді. Ел намысын қорғайтын жас спортшыларға қолдан келгенше көмек береді.

Қазір Бекзат тек Қазақстанның ғана емес, әлем чемпиондарын да дайындап жүр. Мәселен, солардың бірі көп ұлдың арасындағы жалғыз қыз Зарина Қанафина.

"Мен Бекзат ағаймен 2017 жылы  таныстым. Негізінде спорттың қоян-қолтық күрес түрімен айналысамын. Өз салмақ дәрежемде Қазақстан чемпионы атандым. Әлем чемпионатында бақ сынадым", – дейді спортшы Зарина Қанафина.

Қазір Есіл ауданында  кәсіп ашқан жастар  көп. Олардың бағыты сан  түрлі. Бірақ игілігін көретін бағдарлама бір. Ол 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы. 

 

Ақмола облысы.