Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Қостанай облысында 70 елді мекенге ауызсу көлікпен тасымалданады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл аймақта 29 ауылды сапалы ауызсумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ 5 қалада ескірген су және кәріз құбырлары жөндеуден өтеді. Бұл туралы "Қостанай су" МКМ-не барған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, - деп жазады Egemen.kz

Қостанай облысында 70 елді мекенге ауызсу көлікпен тасымалданады

"Мұның сыртында, ішуге жарамды таза судан мұқтаж көріп отырған  елді мекендерге су тасымалдау үшін жергілікті  бюджет есебінен 375,5 млн теңге қаржы бөлініп, 14 су таситын көлік сатып алынды", деді облыс әкімі. 

Су таситын су жаңа көліктің әрқайсы 26,6 млн теңге тұрады. Автоцистерналар 11 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға бекітіліп, облыс аумағындағы 70 ауылға жыл он екі ай бойы  сапалы ауыз су жеткізіп тұрады. Бұдан өзге, облыс бюджетінен бөлінген қаржыға Қостанай және Арқалық қаласы мен Құсмұрындағы жылу энергия компанияларына арнайы техника сатылып алынбақ.

 

Қостанай облысы