Жол желісін орташа жөндеу аясында Конституция көшесінде Қарталы көшесінен Есенберлин көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты 13-15 маусым аралығында осы учаскеде қозғалысты ішінара тоқтату жоспарланған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек", – делінген хабарламада.