Шекарадағы шектеулерді алып тастайтын елдер қатарында Бельгия, Германия, Нидерланды, Франция елдері бар. Бұл тек Шенген визасы жүйесіне қосылған Еуроодақ, Ұлыбритания және Еуорпа елдерінің азаматтарына ғана қатысты. Яғни, шенген аймағынан тыс ел азаматтары әзірге кіре алмайды.
"Біз ішкі шекараларды ашуға болатын кезге жеттік. Еуропа комиссиясының бұл ұсынысын көптеген елдер қолдап отыр", деді Ішкі істер бойынша еурокомиссар Илва Йоханссон.
Шекара ашылғанымен карантин шаралары өзгеріссіз қалады. Мысалы, Испания билігі шекарасын 21 маусымда ашады. Грекия шекарасы бүгін ашылса да, карантин күші сол қалпында сақталады.