"Төтенше жағдай режимін алып тастағанына қарамастан, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай да өзекті болып қалуда. Өзіміз бен айналамыздағы адамдарды коронавирустан сақтау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Баянауыл ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 16 маусым сағат 00-ден бастап Баянауыл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл демалыс аймағының барлық демалыс үйлері мен жағажайлары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жабылды. Бұл - бірінші кезекте өзіміздің амандығымыз үшін өте маңызды", - деді ол.
Санэпидемиологтардың мәліметіне сүйенсек, ауданда коронавирусқа шалдығу көрсеткіші шекті мөлшерден асып, 33 процентті құраған. Бүгінгі күні COVID -19 төрт аудан тұрғынынан анықталды.