Әлем • 16 Маусым, 2020

Иранда коронавирустан қайтыс болғандар саны 9 мыңға жуықтады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранда соңғы үш күнде коронавирустан көз жұмғандар саны артты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранда коронавирустан қайтыс болғандар саны 9 мыңға жуықтады

14 маусым күні Иранда екі айдан астам уақыт ішінде алғаш рет коронавирус жұқтырғандардың 100-ден астам өлімі тіркелді. Бұған дейін мұнша өлім саны соңғы рет 13 сәуірде тіркелген еді. Аталған елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте тағы 2563 адам коронавирус жұқтырып, 115 адам көз жұмған.

19 ақпаннан бері бұл елде жалпы 189 876 адам індет жұқтырды. 150 590 адам індеттен айығып, 8950 науқас қайтыс болды.