Батыс Қазақстан облысында биыл 37,7 млрд теңге қаражатқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 437,3 км жолды жөндеу, сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" және "Жұмыспен қамту картасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс аумағындағы көше-жол жөндеу жұмыстары жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірде орташа жөндеуден өтіп жатқан осындай жолдың бірі – Бәйтерек ауданының орталығы Переметное селосын Орал-Саратов күре жолына қосатын бағыт, ресми түрде "Үлкен Шаған-Переметное тас жолының 32-42 шақырымы" деп аталатын жол бөлігі. Өткен жылдың желтоқсан айында басталған орташа жөндеу жоба бойынша биыл қараша айында аяқталуы тиіс. Жұмыстың құны – 445 474 400 теңгеге бағаланған.
Облыстық маңызы бар осы жол құрылысының сапасын бақылау үшін жақында "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" лабораториясымен бірге арнайы мониторингтік топ мүшелері қатарында рейдке шыққан едік.
Айта кетейік, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Үкімет қаулысымен құрылып, 2019 жылғы 23 мамырда заңды тұлға ретінде тіркелген мекеме. Еліміздің барлық облысында филиалы мен зертханасын ашып, өңірдегі жол салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаумен айналысады.
Жобаның шикілігінен жолаушы зардап шегеді
Жаңбырлы күннің бірі еді. Орал-Саратов күре жолынан Бәйтерек ауданына бұрылған соң-ақ жол бойында лай-батпаққа батып, шыр көбелек айналып, тіпті бір-біріне соғылып жатқан көліктерді байқадық. Өйткені бұл аралықтағы бұрынғы жол орташа жөндеуге жабылғандықтан, елдімекеннен шыққан көліктер құр даламен жүруге мәжбүр болған.
"Егер автожол күрделі жөндеуге жабылатын болса, оның жанынан уақытша айналма жол салынуы тиіс. Ал жолдың жөндеуі орта дәрежелі болса, мердігер компания жолдың бір бағытын жөндеп жатқанда екінші жартысымен көлік қозғалысы өтуін қамтамасыз өтуі тиіс. Жалпы тәртіп осындай", - деді бізге тобымыздың құрамындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі, аға офицер Нұржан Ихсанғалиев.
10 шақырымдық жолдың ескі асфальты қырылып алынып, жаңа материалдармен араластырылып, қайта төселген екен. Есептеп көрсек, осы жолдың әр метрін салуға – 44 547 теңге кетеді екен. Жолжиегінде орнатылған құрылыс төлқұжатында нысанның тапсырыс берушісі – Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, мердігер ұйым – "Асфа" ЖШС екендігі жазылыпты. Осы кезде жанымызға жобаға техникалық бақылау жасайтын "Ақтөбе Строй Эксперт" ЖШС өкілі Кеңесхан Көшенов пен мердігер компания өкілі, учаске бастығы Алексей Стрепков та келді. "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" облыстық филиалының өкілі, жол құрылысы саласының инженері Дәулет Манарбекұлы арнайы құрал-жабдығын түсіріп, салынған жолдың өлшемдерін алуға кірісті. Байқағанымыздай, жаңа жолдың ені мен асфальт жабындысы, көлбеулігі қалыптан ауытқымапты. Жол жабындысының тығыздығын, құрылысқа пайдаланылған материалдың сапасын арнайы зертхана ғана анықтайтын көрінеді. Зертханаға қажетті үлгілер алынған соң мердігер компания басшысы Иван Енютинге де жолықтық.
"Осындай жолдардың жобалық-сметалық құжаттары шала жасалады. Мысалы, біз салып жатқан жол құрылысында да айналма жол мәселесі мүлдем айтылмаған, оған бір тиін қаржы бөліндеген. Ал ені 7 метрлік жолдың жартысын салып жатқанда жарымымен көлік жүргізу деген – еш ақылға сыймайды, технологиялық жағынан алғанда мүмкін емес нәрсе. Сондықтан облыстық мәслихат сессиясында осы мәселені көтеріп, ұсыныс та айтқанмын. Менің ойымша, жол құрылысы басқармасында арнайы сметалық бөлім болуы тиіс. Жобаның кем-кетігіне солар жауап беруі тиіс", - дейді Иван Енютин.
Дегенмен жол құрылысын жүргізуші мердігер құрылыс кезінде қарым-қатынастың шектелмеуіне, жолаушылардың зардап шекпеуіне де жауапты екені сөзсіз. Мұны рейд мүшелері қоштап отыр.
Жол сапасы қатаң бақылауда
Батыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарының сапалы салынуын қамтамасыз ету және осы салада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында өткен жылдың 10 маусымынан бері "Сапалы жол – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмыс істеп келеді. Осы жоба бойынша "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" облыстық филиалымен және арнайы мониторинг мүшелерімен бірге жол құрылысы жүріп жатқан бірнеше жол бөлігі тексерілген.
"Жоба аясында облыстық дәрежедегі бір жолды және Орал қаласының ішіндегі төрт жол бөлігін тексердік. Мониторинг қорытындысы бірнеше кемшілікті көрсетті", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллин.
Атап айтсақ, Орал қаласындағы Лесозащитная көшесін жөндеген бас мердігер "Ануш-құрылыс" ЖШС кәріз құдықтарының қақпағын асфальт-бетоннан шамамен 8 см төмен орнатқан. Жол жобасында үй-жайларға кіретін бұрылыстар ескерілмеген, жолдың бір бетіне тротуар қарастырылмаған.
8 март көшесіндегі жол жүру бөлігі тротуардан 7 см жоғары салынған. Мұнда да жобада үй-жайларға кіріс ескерілмеген. Жол бойындағы жиектер бекітілмеген, ал бұл көп кешікпей асфальт-бетон жамылғысы желініп, жол жиегінің бұзылуына әкеп соқтырары анық. Бұл жолды "Түркістан Жол Сервис" мекемесі салған екен.
Әлия Молдағұлова көшесін 2019 жылы жөндеген "Бірлік" ЖШС қоғам тарапынан да, тексеруші мекемелер тарапынан да жол сапасы бойынша қатты сынға ұшыраған болатын. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, мердігер өткен жылғы ескертулерді әлі орындамаған. Атап айтқанда, мердігер кепілдік міндеттемелер шеңберінде жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыруы тиіс болатын, оның орнына объектіде тек шұңқыр жөндеу жұмысы басталған.
Айта кеетйік, бұл аталған мониторинг қорытындысына сәйкес анықталған олқылықтарды жою үшін тапсырыс берушіге тиісті хаттар жіберілді. Олардың орындалуы қатаң бақыланатын болады.
Батыс Қазақстан

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар