Атап айтқанда, Қаратөбе ауданында жалпы аумағы 378 га алқапта құрғақ шөп өртенді. Абырой болғанда тілсіз жаудан зардап шеккен адам жоқ. Табиғи өртті сөндіруге №18 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 6 қызметкер, ерікті өрт сөндірушілер құрылымының 45 мүшесі қатысты.
Ал Сырым ауданында иесіз жатқан құрылыс нысаны жанып, 84 шаршы метр отқа оранған.
Бәйтерек ауданының Янайкин кентінде де 20 шаршы метр шаруашылық құрылысы өртенген. Оның шығу себебі, зардабы мен кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.
Қазір күн ыстық, құрғақ шөп, темекі тұқылы дала мен орман өрттерін тудыруы мүмкін. Сондықтан өрт сөндірушілер өңір тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертіп жатыр.
Батыс Қазақстан