Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Ақмолада коронавирус жұқтырғандардың көбі мемлекеттік қызметшілер

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір сырқат әйелдің жағдайы жіті тексерілуде. Өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 274-ке жетті. Оның  69-ы симптомсыз тіркелген. Соңғы екі аптада дерттің өсім деңгейі  23 процентке жеткен, - деп жазады Egemen.kz

Ақмолада коронавирус жұқтырғандардың көбі мемлекеттік қызметшілер

Алты адам жаман тұмаудан көз жұмды. Олардың екеуі Көкшетау қаласынан. Алғашқы айларда жаман хабар естіле қоймаған облыс орталығының өзінде 80-ге жуық адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болып отыр. Олардың көпшілігі мемлекеттік қызметшілер.

Үш ай бойы науқас саны 30-дан аспаған инфекциялық госпиталь қазір лық  толы.  Өткен бір  тәуліктің  өзінде   індет  жұқтырған   27   адам тіркелген.  Аурудың бір күндік таралу өсімі бес пайыздан асады. Бұған дейін аурудың жеңіл белгілері анықталса, қазір асқынған, пневмонияға жеткен түрі  байқалады.

"Қазір симптоммен келген 87 адам ем қабылдауда. 5 адам жан сақтау бөлімінде жатыр", дейді облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Мәселенің мәнісіне тереңірек көз жүгіртсеңіз, сақтансаң ғана сау болатыныңызды аңғартады.