17 Маусым, 2020

Халықаралық рейстер кестеге сәйкес орындалады

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайтадан ашылады, - деп жазады Egemen.kz

Халықаралық рейстер кестеге сәйкес орындалады

Қазіргі уақытта отандық және шетел әуе компаниялары халықаралық рейстер кестесін алдын ала жасады. Рейстер әуе компаниялардың веб-сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Сонымен бірге, әуе компаниялары рейстер кестесін түзетуі мүмкін.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін халықаралық бағыттарға, атап айтқанда кестеде көрсетілген бағыттар бойынша (Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд және Грузия бағыттары бойынша) әуе билеттері сатыла бастады. 

Сонымен бірге, Қытайда шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қазақстандық және шетел әуе компанияларының кестесі қарастырылып жатыр.

Рейстер Қазақстан және шетелдердің санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда орындалады.