Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Кәдеге жарату алымын төлеу қарастырылмайды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Қап тауы аймағынан әкелінген көліктерге қатысты жүргізушілер тарапынан койылатын сұрақ аз емес. Ақтөбелік Әлихан Оспанқұлов басқа да Қазақстан азаматтары сынды армениялық нөмірлі көлікке ие болғандардың бірі. Темір тұлпар иесі енді жылжымалы мүлігін елімізде тіркеген жағдайда онсыз да қымбат алым түрлерін төлеуге мәжбүр болатынына алаңдаулы, - деп жазады Egemen.kz

Кәдеге жарату алымын төлеу қарастырылмайды

Сала мамандары алым төлеудің тәртібін былай түсіндірді:

"Заңнамада көзделген барлық алымдар, нақты айтқанда бұл мемлекеттік баж салығы, кәдеге жарату алымы және кедендік төлемдер шетелден әкелінген және басқа мемлекеттердің есебінде тұрмайтын көлік құралдарын тіркеу кезінде қарастырылған. Үкіметтің қаңтар айындағы қаулысы Арменияда автокөлікті есептен алып, оны Қазақстанда әдеттегі тәртіппен тіркеуді қалайтын көлік иелері үшін қабылданды. Сондықтан бұл көлік иелеріне аталған рәсімдерді орындау үшін жеткілікті уақыт берілді", деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов.

Қазір шетелдік нөмірлі көліктерді арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеу мүмкіндіктері қарастырылған. Азаматтарға қолайлы болу үшін бұл орталықтардың жұмысы жексенбі күндері түскі сағат 13:00-ге дейін жалғасады. Полиция өкілдері ХҚКО-ның мұрағатында Арменияның жауапты органдарынан берілген техникалық құжаттар мен мемлекеттік нөмірлері сақталатынын айтады.