Коронавирус • 18 Маусым, 2020

Атыраудағы Ұлттық сараптама орталығы филиалының 14 қызметкері індетке шалдықты

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше филиалдың бір қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталған екен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы Ұлттық сараптама орталығы филиалының 14 қызметкері індетке шалдықты

Көп ұзамай науқаспен бірге 13 адам да тест тапсырды. Өкінішке орай олардың  да қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды.  

Солардың қатарында филиалдың директоры, Атырау облысының бұрынғы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болған Темірбек Мұсағалиев та бар. Ол коронавирус жұқтырғанын  әлеуметтік желіде жазып, тұрғындарды сақтануға шақырды.  

"Бүгін мен тапсырған ПТР тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Мен санитарлық қорғаныс талаптарын сақтап, маска тақтым, қолғап кидім. Қолыма дезинфекция жүргіздім. Сіздер секілді коронавирустың мені айналып өтетініне сенімді едім. Бірақ олай болмай шықты. Вирус қалаға кірді", - деп жазды Темірбек Мұсағалиев.

Филиалдың індетке шалдыққан қызметкерлері әкімшілік персоналда жұмыс істеген мамандар. Олардың осындағы зертханаға қатысы жоқ болып шықты. Ал, орталық ғимаратына дезинфекция жүргізіліп, зертхана қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.