Президент • 18 Маусым, 2020

Президент күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр. Бұл туралы баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлады Egemen.kz

Президент күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр

"Соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты еліміздің көптеген азаматтары алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдап жатыр. Осыған орай, Қасым-Жомарт Кемелұлының денсаулығы жақсы екенін хабарлаймын. Соңғы кездердегі эпидемиологиялық жағдайдың өрши түсуіне байланысты, ол күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр. Тапсырылған барлық тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті", деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, Президент жұмыс кестесіне сәйкес онлайн-кездесулер өткізуде.

"Мемлекет басшысы өзінің қызмет орнында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізуде. Қазақстан Президенті твит арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп, Тұңғыш Президенттің өзіне тән мықты рухының арқасында, бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдірді", деді Берік Уәли.