Суретшінің ырқына салсаң, ішкі және сыртқы әлемнің түйісер көкжиегінде бір ғана күй бардай. Көз қарықтырар алып күннен тараған көңіл күй, сезім, ақыл-ойдың алтын шұғыласы төңіректі, көз жетер маңайды түгел шарпып, даланың қойны қонышын толтырған. Бірде өрттей қаулап, қызыл жалынымен баурап алса, бірде тымық кештің сыбдырына еріксіз құлақ түргізеді.

«...Өмірді түстерден ізде. Шынайы сурет – бұл түсті модельдеу. Мен өнердің өміршеңдігі мен өркендеуі үшін күресемін», деп жазды Ван Гог бір хатында. Тағдыр-талайы күреспен өткен суретші сөзінде тұрыпты. Француз жазушысы Анри Перрюшо жазғандай, Винсенттің жеке тұлғасы мен өнері зерттеу нысанына айналды, қоғам құныға лап қойды. Әрине көзі тірісінде емес, пәни жалғаннан бақиға көшкен соң ғана.
Ұлы импрессионист-суретші Нидерландтың оңтүстігінде пастор Теодордың отбасында дүниеге келді. Бала жасынан мінезімен дараланған ол ешкімге ұқсамайтын деп айтылады. Суретші өзін, арманын ұзақ іздепті. Тіпті әкесіне ұқсап дін жолында да қызмет етіп көрді. Барлық постпрессионистік суретшілер сияқты, шындықтың академиялық бейнесінен алыстап, бір сәттік әсердің өрнектерін іздеуден бас тартты: нысаннан гөрі сезімге терең мағына, астар үстеуге мән беріп, сәндік стилизацияға жүгінді.
Іш тартпаған Париж қоғамынан қағажу көрген суретшінің Арль қалашығына қоныс аударуы өкінішпен аяқталса да, жанына сая іздеген Ван Гог үшін жарқын үміт һәм мұқалмаған жігердің шамын жағып берген еді. Ішкі мәнге ұмтылыс жан сарайыңды күш-қуатқа толтырып, қуанышы ортайған кеудеңе жаңаша бір серпіліс береді емес пе?! Ван Гогты Арльге «суретшілер шеберханасын ашсам», деген арманы бастап әкелді. Келе сала ескілеу үйді жалға алып, іші-сыртын түгел сары түске сырлап жүріп, балаша қуанып Гогенге хат жазатын еді ғой. «Біраз күте тұрыңыз... Бұл жердің поэзиясы адамды біраздан кейін ғана баурайды. Үй әлі ыңғайлы емес, әйтсе де біртіндеп жабдықтауға тырысамыз. Шығыны көп болғаны сонша, бәрін бірден жасай алмайсың. Бірақ сіз осында келсеңіз, мұнда қалуға неліктен талап еткенімді түсінесіз», деп ағынан жарылады.
Ізінше жазылған «Сары үй» атты постимпрессионистік рухтағы картинасында суретшінің жаңа өмірге үміті, жақсылыққа сенген, сыйынған асқақ арманы мен мұраты айқын көрінеді. Жалпы, Арльде туған жұмыстар белгілі бір мағынада суретшінің күнделігі сияқты әсер береді. Осы кезеңде жазылған пейзаждарынан оның сәт сайын құбылған көңіл күйі мен үкілеген үміттері, келешекке деген ұмтылысы кескінделгендей. Жан дүниесін жабырқатқан жалғыздықтан мольберт алдындағы құлшылығы ғана құтқаратын. «Гогеннің орындығы» (1888), «Орақ. Ла-Кро аңғары» (1888). «Арльдегі қызыл жүзімдіктер» (1888) сынды біркелкі үндестіктен туған алуан түрлі картиналарындағы жарқын поэтикалық бейнелер екпінді ырғаққа бағына отырып салынған.
«Мен үнемі осы салада жаңалық ашамын деп үміттенемін, – деді ол інісіне жазған хатында, – мысалы, ғашықтардың сезімін қосымша екі түспен үйлестіре отырып, бір-біріне қарсы қою, ұқсас реңктердің құпия тербелісімен немесе мидағы ойды ашық өңнің жарқылымен қара түсте көрсету. Қандай да бір үмітті жұлдызбен, я батып бара жатқан күннің шапағымен айшықтау. Ван Гогтың өзі атағандай, оның қылқаламынан туған әр сюжетінде түс арқылы жеткізуге тырысқан астарлы ойы жатыр. Мәнерлі, түсіндіруді қажет етпейтін картиналарындағы рухани мазмұнды көз тіккен көрерменнің тынысынан анық сезер едіңіз. Нәзік те жанашыр, сөйте тұра өз-өзін ұмытқан көзсіз табыну жасырын символикамен қаныққан. Сары түске құштарлық оны жанынан бездірді. Бұл турасында рас-өтірігін айырғысыз қаншама аңыз айтылады: бірде оны есінен ауған жындыға баласа, бірде ашты жусан сығындысы бар абсент ішкендіктен түстерді бұрмалап қабылдаған дейді.
Расында, суретші танымында сары мен көк түс жамандық пен жақсылықтың, қараңғы мен жарықтың мәңгілік күресіне айналды. Лимондай ашық сарыдан қызғылтым сарыға дейінгі аралық күн сәулесінің, бидай алқабының, махаббат пен өмірдің нышаны болып саналды. Мысалы, суретші шығармашылығындағы шоқтығы биік туынды «Диқан» (1888) картинасында жақын досы Гогеннің ықпалы айқын сезіледі. Картинадағы сюжетті суретшінің өзі ерекше жақсы көрді және оған оқтын-оқтын оралып та отырды. Бір-бірін қайталамайтын диқан тақырыбына арналған туындыларында бейбітшілік пен бақыт салтанаты айқара табысқан. Диқан – өмір символы, тіршіліктің бастауы. Шаруаның төбесіне тұтылып батып бара жатқан күн осынау бейнеге ерекше мән, қасиет үстеп тұрғандай. Ал көгілдірден басталып қараға ұласқан бояулардың арпалысы «жалыны қайтқан мәңгіліктің», «пешенеге жазылған шарасыздықтың», «өлім» қорқынышының дәмін сездіреді. 1889 жылы жазылған «Орақшы» картинасында өлім символына жүгінеді. Бір қарағанда жарқын, ашық түсімен көзге оттай басылатын егіс даласы жүзі лыпып тұрған орақты бірден аңғартпайды.
Винсент Уильям Ван Гог – жұмбақ тұлға. Осынау аласапыранға толы ғұмырында әуелгі мақсатынан айнымапты. Шығармашылық жолын кеш бастаса да, соңғы он жылда өндірте жазып, 900-ге тарта туындыны мұраға қалдырыпты. Тосын да шалт мінезімен қоғамға жақпағанымен, оның адамзатқа деген сүйіспеншілігі, махаббаты жүрек түкпіріне берік бекіген-тұғын. Шындық көп болғанмен, ақиқат біреу – суретшінің сары түске сонша құмартуының сыры көктен құйылған жарықты, нұрды жүректерден көргісі келгендігі еді.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар