Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елдегі ветеринарлық және эпизоотиялық жағдай туралы баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

С. Омаровтың мәліметінше, ауыл шаруашылығы министрлігі елде эпизоотиялық ахуалды қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Ол үшін заңнамалық тұрғыда "орталық-облыс-аудан" қағидаты бойынша тігінен ветеринариялық бақылау қалпына келтірілді. Бұл бақылауға алынған өнімнің тасымалдануына бақылауды күшейту және өнімнің "танаптан үстелге дейін" қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Өткен жылы Қазақстан-Ресей учаскесінде 28 ветеринариялық бақылау пункті және Қазақстан-Қырғыз учаскесінде 4 ветеринариялық бақылау пункті енгізілді. Бұл шара Қазақстан аумағын жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуынан, ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті мал шаруашылығы өнімдерінің әкелінуінен қорғауға мүмкіндік береді", - деді министр.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2020 жылдың 5 айында кейбір жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда, Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты.
Мәселен, 2020 жылғы қаңтардан мамырға дейін жануарлар ауруларының жіті және созылмалы инфекцияларының 80 ошағы тіркелді.
Ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде орындалуда. Ағымдағы уақытта жоспарланған 31,7 млн диагностикалық зерттеудің 90,2%-ы орындалды.
"Жануарлар мен құстардың аса қауіпті 19 ауруына қарсы жануарларды вакциналау бойынша жоспарланған 150 млн манипуляцияның 71,1 млн жүргізілді немесе ағымдағы жылдың 5 айындағы жоспардың 96,8%-ы орындалды. Жұмыс жалғасуда", - деп мәлімдеді С. Омаров.
Бүгінгі күні республика өңірлері ветеринариялық препараттармен жылдық қажеттіліктің 96,2%-ымен қамтамасыз етілді. Ветеринариялық препараттарды сатып алуда отандық өндірушілерге артықшылық берілді, өткен жылғы сатып алуда олардың үлесі шамамен 70%-ды құрады. Мысалы, биыл нодулярлы дерматит бойынша препараттар толық көлемде отандық Биология және биотехнологиялар мәселелері ғылыми зерттеу институтынан сатып алынды, бұл өткен жылға қарағанда 2,7 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта аталған институттан жақында дайындалған түйе шешегіне қарсы вакцинаны сатып алу жоспарланып отыр.
Бруцеллез бойынша саламатсыз пункттерді тіркеу серпіні төмендеуде. Өткен жылы бруцеллезді диагностикалау тетігі өзгерді, бұл оң нәтиже берген мал басының санын 2019 жылғы 5 ай ішіндегі 32 мыңнан 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 28 мың басқа дейін қысқартуға немесе 12,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бруцеллез бойынша 51 саламатсыз пункт тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 28 пунктке аз. 28,6 млн бас жануардың барлық түрін бруцеллезге зерттеу кезінде 28,8 бас оң нәтиже берген немесе 0,1% бруцеллез жұқтырған мал анықталды.
Сонымен қатар биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда листериоз, анаэробты энтеротоксемия сияқты жануарлардың аса қауіпті аурулар санының төмендеуі байқалады, сондай-ақ өткен жылдары тіркелген аурулар (сібір жарасы, Ньюкасл ауруы, ринопневмания) бойынша саламаттылық сақталуда.
"Министрлік қабылдаған шаралардың нәтижесінде біздің еліміз аусыл, жылқы мен шошқаның африкалық обасы, құс тұмауы бойынша саламатты ел деген ресми халықаралық мәртебеге ие. Шошқаның классикалық обасы, күйіс қайыратын ұсақ мал обасы, сиыр құтырмасы бойынша саламатты ел ресми халықаралық мәртебесін алу бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді министр.
Өткен жылы Қытай Халық Республикасымен шошқа етіне, сүт өнімдеріне, жүнге арналған ветеринариялық талаптар, зығыр тұқымына, бидай ұнына және құрамажемге қойылатын фитосанитариялық талаптар келісілді. Бірнеше жыл бұрын Қытай Халық Республикасы енгізген аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер алынып тасталды, бұл өз кезегінде қазақстандық ет өнімдері үшін ҚХР нарығына жол ашты.
Сондай-ақ Қазақстаннан Иранға союға арналған тірі ірі қара малды, сиыр етін, ұсақ малдың субөнімдерін, тағамдық жұмыртқаны экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптар келісілді. Жапонияға жылқы етін экспорттауға арналған ветеринариялық сертификат келісілді.
Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан шығарылатын АӨК экспорты Қытайға 50,5%-ға, Парсы шығанағы елдеріне 3,2 есе, Орталық Азия елдеріне 7,4%-ға, ЕАЭО елдеріне 8,2%-ға ұлғайды.
Жалпы АӨК экспорты өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,4%-ға өсіп, 3,3 млрд АҚШ долларын құрады.
Еліміздің эпизоотиялық саламаттылығын сақтау жұмысы ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында.
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар