Қазақстан • 19 Маусым, 2020

Шілдеден бастап кепілді электронды тіркеу іске қосылады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдындағы кездесу барысында мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz

Шілдеден бастап кепілді электронды тіркеу  іске қосылады

Министр айтып өткендей, жылжымайтын мүлік иелерінің тарапынан қаржылық және жеке уақыт шығындарын қысқарту мақсатында кепілді тіркеу екінші деңгейлі банктермен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық форматқа көшірілген.

Осы өзара іс-қимыл шеңберінде жылжымайтын мүлік иесінің құжаттарды тапсыру үшін ХҚКО-ға жүгінуінің қажеті жоқ, өйткені тіркеу үшін кепіл туралы мәліметтерді банктер тіркеуші органға электрондық форматта дербес жібереді.

Жылжымайтын мүлікке кепілді электрондық тіркеуді жүзеге асыру процесі келесі айда іске қосылады

Тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.