Әлем • 19 Маусым, 2020

Малайзия вирустың арқасында байып қалды

1471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер шарының бар жұрты вируспен арпалысып жатқанда малайзиялық азамат латексті қолғаптар шығару арқасында әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне қосылған.

Малайзия вирустың арқасында байып қалды

Латекстен жасалған қолғап шығаруды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы малай жұрты бұрын 1980 жылы АИТВ-ға күресте қолға алып, COVID-19 пайда болғанға дейін әлемге олардың 65 пайызын жеткізетін-ді. Ал пандемия "Supermax Corp" өніміне кең даңғыл ашып, оның қожайыны Тай Ким Симді шіріген байлардың қатарына қосқан. Жылына 24 млрд қолғап шығаратын бұл компания вирус билік құрған заманда, күнделікті өмірде қорғану қажеттілігінің де тууы біздің қолайымызға жақты, сондықтан 2024 жылы оның жобасын 44 млрд қолғапқа жеткіземіз деп отыр екен.

Бүгінде "Supermax Corp" акциялары шырқап 394 пайызға өсіпті, алайда мамандар оның акцияларын сатып аламын деп опық жеп қалу мүмкін екенін де айтады. Себебі латексті өндірістің тиімділігін ұққан басқа мемлекеттер оларды шығаруды қолға алса, нарықтағы бәсекелес күйіп тұрған сұранысты кемітіп жіберуі де ғажап емес дейді.