Қазақстан • 19 Маусым, 2020

Бейбіт Атамқұлов Мохаммед Эсламимен телефон арқылы сөйлесті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Иран Ислам Республикасының Жол және қалалық даму министрі Мохаммад Эсламимен телефонмен сөйлесті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Бейбіт Атамқұлов Мохаммед Эсламимен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы көлік тасымалы, жүк транзиті, авиациялық қатынас және т.б. салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. 

Иран тарапы Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы әлеуетін, сондай-ақ Каспий теңізі арқылы мультимодальдық дәліздерді тиімді пайдалана отырып, жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ елдегі мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мақсатында қажетті рәсімдерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге әңгіме барысында көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. 

Келіссөздер қорытындысында тараптар болған әңгіме үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.