Әлем • 22 Маусым, 2020

Трамп: Тест көбейген сайын науқастар да көбеюде

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусті тестілеуді азайту жөнінде тапсырма бергенін айтты. Себебі елде науқасқа шалдығушылар қатары тым көбейіп тұр. Бұл жайында CNN ақпарат таратқан, - деп жазады Egemen.kz.

Трамп: Тест көбейген сайын науқастар да көбеюде

"Тест дегеніміз, —  екі ұшы бар таяқ секілді деген Ақ үй басшысы Оклахомадағы митинг кезінде сөйлеген сөзінде. — Мұның бір жаман жағы тестілеу неғұрлым кең көлемді жүргізілсе, науқастар қатары да көбейе береді. Сондықтан мен өз адамдарымнан тест жөнінде аздап тормоз беруді сұрадым", - деді ол.

Теларнаның пікірінше, Трамп бұл жерде тым ашылып кетіп отыр. Өйткені АҚШ-та коронавирустан 120 мыңға жуық адам қайтыс болып отырған тұста бұлай деудің жөні қалай болады екен?! Ал медициналық сарапшылардың мәлімдеуінше, вирусты бақылауда ұстау мен оның таралуын шектеуде тестілеу шешуші маңызға ие болуда.

Трамп әкімшілігінің өкілі телеарнаны бұл президенттің кезекті қалжыңы екеніне сендіріп баққан. Бірақ телеарнаның дерегі бойынша Трамтың басты саяси бәсекелесі Джо Байденнің сайлауалды штабы президенттің осы сөзінен ұпай түгендеу мәселесіне кірісіп кеткенге ұқсайды. Олар президенттін дәл осы сөзін өз жарнамаларының арасына көбірек қыстыруда.

Президент митингідегі сөзінде саяси бәсекелесі Д.Байденді де ұмытпаған. Қазіргі шуға айналып тұрған жүйелі расизм мәселесіне көп тереңдеп бармай, тек қарсыласын бір мұқатып қалу мағынасында: "Джо Байден қоғамдық өмірден кеткен кезде ғана нәсілдік әділеттік басталады. Енді бес айдан кейін біз ұйқылы-ояу Джо Байденді жеңетін боламыз" деген.