«Болашақ энергиясы» саммиті — жыл сайын Әбу-Дабиде өтетін болашақ энергетикалық өнеркәсіпті дамытуға, экология мәселелеріне арналған көрме-конференция. Форум — энергияның жаңартылған көздері, экологиялық таза технологиялар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қозғалатын әлемдегі ең ірі шара.
Биыл БАӘ астанасындағы саммитке он бір мемлекет басшылары қатысады, оның ішінде Корей Республикасының президенті және Марокко королі бар. Шараны ұйымдастырушы — «Masdar Group» компаниясы.