Аймақтар • 22 Маусым, 2020

Түркістан облысында биыл астықтан жоғары өнім алу жоспарланып отыр

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде бірінші болып астық ору науқанын бастаған Түркістан облысында 230,0 мың гектардан жалпы 478 мың тонна астық жинау болжамдалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында биыл астықтан жоғары өнім алу жоспарланып отыр

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30  мың тоннаға артық. Сондай-ақ мамандар астықтың түсімділігі гектарынан 21 центнерден  болатынын айтуда. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев "Түркістан Агро ХХІ" ЖШС-ің алқабында  жаңбырлатып суғару технологиясымен егілген күздік бидайды ору науқанына қатысты.  Сондай-ақ, облыс әкімі аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағаларымен және мәслихат депутаттарымен бірге Қазығұрт ауданында егістік алқаптарды аралап, астық ору науқанының барысын бақылады. Алдымен Қ. Әбдалиев ауыл округіндегі  "Тілеуберді" шаруа қожалығында болып, алқапта жайқалған егінге оң бағасын берді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы егін шаруашылығымен айналысып келе жатқан шаруа қожалығының 1500 гектар жерге жуық алқабында бидай, арпа, мақсары мен жоңышқа егілген. 7 дана астық ору комбайны мен 15 шаруа тынымсыз еңбектенуде. Былтыр астықтың әр гектарынан  20 центнер егін алынған болса, биыл одан жоғары өнім алу жоспарланып отыр.

"Астық қорының мол болуы аса маңызды. Халықты өз өнімімізбен қамтамасыз етуіміз қажет. Сол себепті аянбай еңбек етіңіздер.  Ауданда ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға барынша қолдау көрсетіледі", - деді облыс әкімі.

1

Жалпы, Қазығұрт  ауданында шаруалар 44 мың  221 гектарға егін еккен.

 

 

Түркістан облысы