Әлем • 22 Маусым, 2020

Жаңа Зеландия круиздік кемелерге тыйым салу уақытын ұзартты

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен дүйсенбіде Жаңа Зеландия елге келетін круиздік кемелерге тыйым салуды ұзартатындығын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Жаңа Зеландия круиздік кемелерге тыйым салу уақытын ұзартты

"Біз 30 маусымда аяқталуы мүмкін круиздік кемелерге тыйым салуды тағы да ұзартамыз", деді премьер-министр Джакинда Ардерн баспасөз мәслихатында.


Ақ бұлт елі коронавируспен күресте әлемдегі ең табысты елдердің біріне айналды. Өйткені барлық ішкі шектеулерді алып тастап, шекарадағы сақтық шараларын күшейте түскенімен баршамызға дәлел.

Пандемияның алғашқы кезеңдерінде вирустың таралмауы үшін круиздік кемелер көбінесе теңізде демалатын. Себебі жолаушыларды құрлыққа түсуге рұқсат берместен, оларға бірнеше апта бойы теңізде немесе карантинде болуын міндеттеді.