Экономика • 23 Маусым, 2020

Доллармен салынған депозиттер азайды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы доллармен салынған депозиттердің көлемі бір жылда 5 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты.

Доллармен салынған депозиттер азайды

– 2019 жылы банк жүйесіндегі депо­зиттер 2,5 пайызға көбейіп, 19 трлн теңгеге жетті. Бұған қоса ұлт­тық валютадағы салымдардың мөл­шері 13,1 пайызға өсіп, 10,8 трлн тең­ге болды. Бұған теңгемен бері­ле­тін став­калардың жоғарылығы, со­н­ы­­­мен бірге айырбас бағамының тұрақ­­тылығы себеп болып отыр. Ал шетелдік валютамен жиналған депо­зит мөлшері 8,7 пайызға азайып, 8,2 трлн теңгені құрады. Соның арқа­сын­да депозиттердің долларлануы 43,1 пайызға төмендеді. Бір жыл бұ­рын бұл бағыттағы көрсеткіш 48,4 па­йыз болған еді, – деді Ақылжан Баймағамбетов.

Ұлттық банк төрағасының орын­басары елде ұзақмерзімді несиелер 6,5 пайызға өсіп, 11,8 трлн теңгеге жет­кенін, ал қысқамер­зімді несие­лер 2,7 пайыздық өсімді көрсетіп, 2 трлн теңгеге жеткенін айтты.

Бір айта кетерлігі, соңғы бес жылда ел экономикасындағы банк­­тердің рөлі төмендеп бара жат­қаны байқалады. Мемлекет тарапы­нан қаржылай көмек шаралары жасалғанына қарамастан, ІЖӨ-дегі банктердің активтері 40 па­йызға дейін кеміген. Керісінше, проб­ле­малық қарыздардың көлемі ұл­ға­йып бара жатыр. Банктердің тара­пынан бизнес үшін қолжетімді қаражат ұсыну тетіктері жетілдіруді қажет етеді.