Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Павлодар облысында мыңнан астам провизорлық орын дайындалады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі алдағы жоспар жөнінде Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, - деп жазады Egemen.kz.

Павлодар облысында мыңнан астам провизорлық орын дайындалады

"1. 267 уақытша орын дайындалады. Нәтижесінде провизорлық орындар саны 1000-нан асады.

2. Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмониямен ауыратын науқастардың негізгі белгілері жойылғаннан кейін олар босатылып, емханалар мен жедел жәрдемге олар туралы ақпарат жіберіледі, яғни жеке науқастардың уақытша ауруханаларда болу ұзақтығы қысқарады.

3. Емханалардың дәрігерлері өз кезегінде бұл науқастарға күн сайын телефон шалып, олардың жағдайларын бақылайды. Сонымен қатар, егер олардың бірі жедел жәрдем шақырса, олар пациенттің медициналық тарихын алдын-ала біліп, тиісті шараларды қабылдай алады.

4. Павлодарлық әріптестеріне көмек көрсету үшін облыс аудандарынан медицина қызметкерлері келеді.Оларға нұсқау беріп, жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайындау керек.

5. Дәрігерлер мен пациенттерді КВИ-инфекциясы қаупінен қорғау - басты мақсат. Бүгінгі таңда аймақта жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды, бастысы оларды барлық алгоритмдерге сәйкес пайдалану және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды", - деп жазды ол.