Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Павлодар облысының әкімі тәртіп сақшыларын құттықтады

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлерге арналған құттықтауды аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі тәртіп сақшыларын құттықтады

"Құрметті полиция қызметкерлері! Қадірлі ішкі істер органдарының ардагерлері!

Сіздерді Қазақстандық полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер қиын әрі қауіпті кәсіпті таңдадыңыздар. Әр күндеріңіз қауіпке толы және үлгілі өзіндік тәртіпті талап етеді. Өйткені сіздердің миссияларыңыз қылмыспен және заң бұзушылықтармен күресу ғана емес, сондай-ақ билік атынан лайықты әрекет ету болып табылады. Азаматтар сіздердің қызметтеріңізіге үлкен үміт артады, бұл сіздер үшін үлкен жауапкершілік.

Көпшілігіңіз осы мерекені қызмет үстінде қарсы алатындарыңыз анық. Сіздерге міндеттеріңізді сәтті орындап, өздеріңіз үшін үнемі алаңдап отыратын жақындарыңызға тез арада оралуды тілеймін. Отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!

Қазақстандық полицияның қалыптасуына, ішкі істер органдарының үздік дәстүрлерінің сақталуына және жас қызметкерлерге тәжірибе беруде қосқан баға жетпес үлесі үшін ардагерлерге шексіз алғысымды білдіремін.

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері есімізде мәңгілік сақталып қала береді! Оларға деген алғысымыз бен ризашылығымыз біздің жүрегімізде.

Ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерін Полиция күнімен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға денсаулық, қажымас қайрат және табыс тілеймін", - делінген құттықтау хатында.