Осыдан бірнеше жыл бұрын Алтай деген жаңа атауға ие болған Алтай ауданы күннен күнге көркейіп келеді. Алтай қаласында абаттандыру жұмыстарынан бөлек тұрғын үй құрылысы да қарқын алған. Алтай ауданының сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерлан Маматаевтың айтуынша, биыл шаһардың 10 ықшам ауданындағы Рудный көшесінде 20 үш пәтерлі және 40 екі пәтерлі үйдің құрылысы басталады. «Бұдан бөлек Алтай қаласында тағы да екі үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Бірі - 100 пәтерлі, екіншісі – 60 пәтерлі. Сонымен қатар Серебрянка қаласында 60 пәтерлі үй салу жоспарланған» дейді ол.
Шығыс Қазақстан облысы,
Алтай ауданы