Әлем • 23 Маусым, 2020

АҚШ-та бір тәулікте 31 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та тағы 31 мыңнан астам адам індет жұқтырып, 400-ден аса науқас көз жұмды, - деп хабарлады  Johns Hopkins University.

АҚШ-та бір тәулікте 31 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Johns Hopkins University мәліметі бойынша, АҚШ-та өткен тәулікте 31 012 адамның вирус жұқтырғаны тіркелген. Өкінішке қарай, 425 науқас қайтыс болған.

Пандемия басталғалы бұл елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 2 312 302-ге жетті. 120 мыңнан астам адам қайтыс болып, 640 мыңнан аса науқас індеттен жазылып шықты.

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 9 миллионнан асты, 4,5 миллионнан аса адам індеттен айыққан,  472 мыңнан аса науқас қайтыс болды.