Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін марапаттады

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін бейнеконференция арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 маусымдағы № 353 жарлығына сәйкес əлемдік коронавирус пандемиясы кезінде азаматтарды көтермелеу мақсатында тағайындалған "Халық алғысы" медалімен марапаттады, - деп жазады Egemen.kz

Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін марапаттады

Министр құттықтау сөзінде: "Осы уақыт аралығында Сіздердің талмай еткен еңбектеріңіз бен қызметтеріңіздің арқасында, ел ішіндегі қиын-қыстау уақытта өз өнерлеріңізбен халық ризашылығына бөлендіңіздер.
Тән саулығымен қатар жан саулығы жүретіні белгілі. Жанның саулығы құнарлы, мазмұнды жырда, әуезді әнде, тағылымды дәрістер арқылы қалыптасатыны тағы бар»,-дей келе шынайы алғысын жеткізді.

Мəдениет саласы бойынша «Халық алғысы» медалімен марапатталғандар:

Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы-Жазушы, ақын, драматург  Байұзақов Асхат Құсайынұлы-Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана директоры

Бексұлтанов  Нұрболат Досмұхамбетұлы-Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының директорының орынбасары

Бехер Елена Николаевна-Республикалық неміс драма театры директорының міндетін атқарушы

Жексенұлы Жұбаныш - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоразбаев Алтынбек -эстрадалық әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақконцерт» МКҮ Алматы қаласындағы филиалының директоры

Рымбаева Роза Қуанышқызы -эстрадалық әнші, киноактриса, педагог-профессор. Қазақстанның халық артисі, «Қазақконцерт» МКҰ әртісі

Сейдуллаұлы Жеңіс -Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» МКҰ директоры

Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы-Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы директоры

Якушев Юрий Александрович-М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры.

Айта кетейік, аталған медаль білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істегені үшін республика бойынша 343 маманға табысталды.

Олардың арасында 60 - дәрігер, 39 - полицей, 30 - әскери қызметкер, 41 - волонтер, 34 - меценат, 38 - мәдениет және білім өкілі, 25 - БАҚ қызметкері бар.