Саясат • 24 Маусым, 2020

Күдікті қамауға алынды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жасөс­пірімдерге арналған суицидтік топ­тың «кураторы» ұсталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Күдікті қамауға алынды

Кәмелетке толмағандарға қатыс­­ты құқыққа қарсы әре­кет­терді анықтау бойынша Ин­тернет желісіне монито­ринг жүр­гізу кезінде ІІМ Кри­ми­нал­дық полиция және тергеу қыз­меткерлері кәмелетке тол­маған қазақстандықтардың қа­тысуымен өз өзіне қол жұмсау сипатындағы топ туралы ақпарат анықталды.

Өз өзіне қол жұмсауды насихаттау бойынша оған қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау үшін ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының және Түркістан облысы Поли­ция департаментінің қызметкер­лерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қыз­меткерлері әрі қарай тексеру жұмысын жүргізу барысында интернет желісіндегі ұйымдастырушының жеке-бас деректері мен мекенжайын анықтады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Тінту ке­зінде күдіктіден ноутбук, ұя­лы телефон, үш қорап сим-кар­тасымен және басқа да зат­тай­ дәлелдемелер алынды. Те­ле­фоннан суицидке бағыт­талған телеграм арналары табылды. Қа­­зіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амал­дары жүргізіліп жатыр. Сот санк­циясымен күдікті қамауға алынды.

– Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тек­се­ріп жатыр. Сондай-ақ жасөс­пірімдерді осындай өлімге әке­летін ойындарға қатыстыруы мүм­кін адамдарды және арна қатысушыларының өздерін де анықтайды, – деп атап өтті ІІМ Криминалдық полиция депар­таментінің бастығы Думан Таев.

ІІМ ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қа­был­данатын осыған ұқсас жайт­тар орын алса, тез арада по­лицияға хабарлауды сұрайды.