Еліміздің басым бөлігінің аймағында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңа Жер аймағынан келетін солтүстік циклон республиканың солтүстік-батысы, солтүстік, содан кейін орталық және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбырды күшейтеді. 26 маусымда циклонның артынан Солтүстік-Батыс суық антициклоны ығысып, онымен ауа температурасының республиканың солтүстік бөлігінде түнде 2-7 дейін, кей жерлерде 10 жылы, күндіз 12-17 дейін, кей жерлерде 20 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.
Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, бұршақтың түсуі күтіледі.