Қоғам • 24 Маусым, 2020

Коронавирус індетінің таралу қаупі сейілген жоқ

236 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ екенін айтты, - деп жазады Egemen.kz.

Коронавирус індетінің таралу қаупі сейілген жоқ

Азаматтардың денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын.

Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда. Сондықтан дәрігерлердің кеңесіне қүлақ салып, талаптарын орындағанымыз абзал.

Қазақстан көршілес мемлекеттер арасында алғашқылардың коронавирусқа қарсы әрекеттер жасады. Төтенше жағдай кезінде, карантиндік шектеулерден азаматтарымыз біраз қолайсыз жағдайларға ұшырады. Бұл әрине өкінішті, бірақ басқа амал жоқ.

Медицина саласы қызметкерлерінің біліктілігі мен қажырлылығының арқасында сауығушылар қатары көбеюде. Дегенмен, оның нәтижелі болуына карантин талаптарын бұлжытпай орындалуы керек екені белгілі. Сондықтан, отбасы, ағайын-туыстың және қала берсе еліміздің келешегі өз қолымызда екенін ұмытпайық!

Өкінішке орай, індет Елбасыны да айналып өтпеді. Оған қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашықтықтан жұмыс істеп жүр. Бірнеше ел президенттері өз ниеттерін білдіріп, Қазақстанның тұнғыш Президентіне сауығып кетуіне тілектестік ниеттерін жеткізді. Мен де шын жүректен тілектес екенімді айтқым келеді. Сонымен бірге, басқа да отандастарымызға сауығып, отбасыларымен қауышқандарын тілеймін.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауларында індетке қарсы шараларды айта отырып, сабырлыққа шақырды. Ел басшылығының тікелей тапсырмасымен індетпен күресуге қосымша қаржы бөлініп, халыққа қолдау көрсетілуде.

Әрине, өмір болған соң әртүрлі жағдай орын алып жатады. Осы ретте, атадан қалған "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген сөз бар. Естеріңізде болса, Мақтааралға онын алған жағдай елді алаңдатты. Осы жағдайда біз бірлігімізді, елдігімізді көрсеттік. Оны Мақтааралдық ағайындарымыз іс жүзінде сезінді. Су басу салдарынан зардап шеккен отандастарымызға еліміздің түпкір-түпкірінен көмек лезде жетізілді. Күн демей, түн демей көршілес ауыл азаматтары келіп, елді мекендерді су басудан қорғады.

Жақсылықтың ерте кеші болмайды деген бабалар! Ел басына іс түскенде қасынан табылу ол борышым! Ағайын мен жолдастың қайғысын бөлісу ол парызым! Ал карантиндік жағдайдың талабын орындап, барынша сақтану көпшілік алдында және әріптестерімнің алдында жауапкершілігім деп білемін.

Сол себепті ағайындар, әр жағдайға түсінушілікпен қарап, кешірімді болайық. Әрбір істің соңы қайырымды болсын. Болған іске болаттай болайық!

Парламент Мәжілісінің депутаттары дәрігерлердің барлық талаптарын орындап, қашықтықта жұмыс жасап жүргеніне міне, үш айдан асты. Жұмыс кестесі жоспарлы түрде маңызды істерге толы. Өзіндік қиындықтары бар. Дегенмен, әрбір әріптесім сапалы заң шығаруға ат салысып, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында депутаттық сауалдар жолдауда.

Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Ержан Құдайберген,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты