"КВИ жұқтырғандар және пневмониясы асқынған науқастардың көбеюіне байланысты қалада қосымша инфекциялық төсек-орындары дайындалды. Бұрын 80 жағдай болатын. Ал қазір аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылауы байқалып отыр", деді С. Қисықова.
Оның айтуынша, 12 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың төсек орны қорын қайта құруға байланысты жұқпалы және провизорлық ауруханалардағы төсек орны саны 1351 орынға көбейтілді.
"Тек соңғы 3 күнде қосымша 830 төсек дайындалды. Оның ішінде бүгін Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың базасында тағы 200 инфекциялық төсек дайындалады. Сонымен бүгінде коронавирус инфекциясымен күресуге 3 135 төсек орындық 12 денсаулық сақтау ұйымы жұмылдырылды", деді басқарма басшысы.