"Құрметті тұрғындар! Сайран көлінің шығыс жағалауы жабылатынын хабарлаймыз. Себебі, "Ұлттық сараптама орталығы" РКК адам ағзасына қауіпті микроогранизмдердің барын анықтады. 25 маусымнан бастап Сайран көлінің шығыс жағалауында суға түсуге тыйым салынады", - деді Алмалы аудандық әкімдігінен.
Сонымен қатар, көлдің батыс жағалауында да осы бактериялардың табылуына байланысты Әуезов ауданында да суға түсуге тыйым салынды.