Мен ғана емес, бүкіл әлем Елбасының туған жерін көргісі келеді. Оның өскен ортасын, оқыған мектебін, білім көгіне, тіршілік нәріне ұмтылысын білуге құштар. Бұл мақсат мені де талаптандырып, Қаратаудан Алатауға аттаныс жасатты.

Осы барғанда бұдан он-он бес жыл бұрын барған Қаскелеңді танымай қалдым. Өсіп, өркендепті. Жол бойы жасыл желекпен көмкерілген, жағалай базар да, оған көз салған назар да бар.
Бұл жерде Қарасайдай батыр
шыққан,
Талқандап жоңғарлардың
туын жыққан.
Елбасы да туылған
осы жерде,
Өсер елдің мұң-мұқтаж
жанын ұққан, –
деп жергілікті ақын жырлағандай, бұл өлкенің жөні бөлек. Бұл өлке Елбасының кіндік қаны тамған тарихи мекен.
Аудан орталығы жағалай әсем ғимаратқа толы. Бірінен-бірі өтеді, сәулет өнерінің неше атасын аңғарасың. Осындай өскелең өмірді көрген сайын көкейге келелі ой ұялайды. Әлемдегі ең ірі держава – Кеңес Одағы жасай алмаған, шындығын айтқанда, жасамаған жақсылықтарды қысқа уақытта Қазақстан жасап, жер жүзін мойындатып отырғанына сүйсінесің.
Мұнда халық тығыз орналасқан. Есіме шешемнің сөзі түсе кетті. Адам сулы, нулы жерді тауып, сонда тұрақтайды дейтін. Сол сөз рас екен. Орыс та, түрік те, дүнген де, ұйғыр да, белорус та, украин да осында. Елбасының әділ саясаты олардың ұлттық кұндылықтарын сақтауға, тілі мен ділін еркін қолдануға үлкен мүмкіндік берді. Олар осы ыстық кұшаққа, ымыралы ынтымаққа, еліміз ұстанған ұлттар бірлігі бағытындағы баянды істерді жоғары санайды.
Ертеректе осы өлкеге сырттан көшіп келген Степа Пехлеваниди деген грузин ақсақалы баласының атын Жамбыл Жабаевтың құрметіне Жамбыли деп қойыпты. Степа өлер шағында ұлын қасына шақырып алып:
– Балам, өмірде екі нәрсені есте ұста. Бірі, Құдайың жүрегіңде болсын. Ол сені жаратты. Екіншісі, қазақ деген ұлы халықты құрметте. Біз киерге киім, ішерге ас таппай келгенде, қазақтар өз жағдайы да мәз емес бола тұра бізді бауырына басып, аузындағы асын жырып берді. Мұндай жанашырлық танытқан халықты әлемді кезіп таппайсың. Балам, өмір мен өлімнің арасы бір-ақ, аттам. Мен тыныш жатсын десең, айтқан сөздерімді аяққа таптама. Осыдан бір жерің кем болмайды, кайта мерейің өседі, – депті.
Өлкенің тарихын тереңінен толғап көрсек, XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде Қалдан Серен бастаған жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай қол бастап, өлкені жоңғардан азат етті. Әсіресе, Наурызбай батыр қалмақ нояны Қасгэлэн мен Шамалханды жекпе-жекте өлтіреді.
Бертінде Қоқан хандығы кезінде «Таушүбек» әскери бекінісі құрылады. Кейін Жетісу генерал-губернаторы Е.Х.Гасфорд бекіністі қоқандықтардан азат етіп, оның атын «Любовинское» деп өзгертіпті. Мұнда Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары сауат ашу мектебі ашылып, сабақ орыс тілінде жүргізіліпті. 1901 жылы Любовинское станицасы Қаскелең атауын иеленсе, 1928 жылы қазан айында Қаскелең ауданы құрылады. Аудан орталығы 1963 жылы қала мәртебесін алады. 1998 жылы аудан Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қарасай ауданы аталды.
Елбасының туған жері Үшқоңыр жайлауы осы аудан жерінде. Нұрсұлтан Әбішұлы өзі өскен Үшқоңыр жайлауына арнап керемет ән шығарған. Ән шабытпен шебер суреттеліп, перзенттік пейіл тың сағынышпен өрілген. Халық оны ықыласпен қабылдады.
Сол сезім сыры бізді Үшқоңырдың етегіне апарды. Көктемгі көкмайса, аспанмен таласқан заңғар биік, беймәлім тылсымға толы жартастар, қар суынан қомақты көлге айналған айдындар Үшқоңырдың мәртебесіне мерей қосып тұр. Сұлулық десе осыны айт, көз тоймайтын керемет.
Үшқоңыр – Елбасының ата қонысы. Жаз жайлауда бие сауып, қымыз ішіп, қылқұйрық, қамыс құлақ жануардың қасиетін сезінген саялы орны. Жайлаудың жанға шипа ауасы адамның да аңсарын ашып рақатқа бөлейді. Соны сезініп тұрып, Елбасының биігі тектен тек еместігін ұғынасыз. Өйткені атам қазақ «Тау баласы тауға қарап өседі» деп бекер айтпаған.
Таудың бергі беті – Шамалған ауылы. Бұл ауыл Елбасының замандастарымен тай-құлындай тебісіп өскен жері. Бүгінде заманға лайық келбетке еніп, тұрғындардың қала өмірімен қатарлас тіршілігі тебіндеп тұр. Шіркін-ай, ауыл деген осындай болсын дейтіндей маңызға ие. Мұнда бірнеше ұлт өкілі бар. Бір үйдің баласындай берекесін берік ұстап, уақыттың көшінен кем түспей еңбек еткен ауыл адамдары Елбасымен мақтанады, араларынан Тұңғыш Президент шыққанын айтудан жалықпайды.
Шамалған 1918 жылы құрылыпты. Құрамында Еңбекші, Құмарал, Айқым, Үштерек, Сауыншы ауылдары бар. Бір таңданарлығы, ауылда бірде-бір жұмыссыз жоқ. Міне, осындай үлгілі ауыл үрдісін республиканың барлық аймағы алса құба-құп болар еді.
Әріптесім, белгілі журналист, Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы Ө.Құбиев Елбасының балалық шағы туралы кең мағлұмат берді. Жетпіс жеті жылдық тарихы бар газет екі тілде жарыққа шығады, ауданның жаңалықтар айнасы. Сарғайған газет тігінділері Қарасай ауданының өткені мен бүгінін айна-қатесіз білдіретін тірі куәгер десе жарасады. Осыған дәлел оқиғаға кезіктік. Кешегі оқушы Нұрсұлтан газетпен тығыз байланыста болған екен. Яғни комсомол белсендісі әрі озат оқушы Нұрсұлтан Назарбаев газеттің штаттан тыс тілшісі ретінде мектеп өмірі, қоғамдық жұмыстар жайында жазған мақалалары келешекке ұмтылған кемел ойлылығын бірден танытты.
Мысалы, аудандық «Коммунизм нұры» газетінің 1958 жылғы 19 наурыз күнгі санында жарияланған 10 сынып оқушысы Н.Назарбаевтың «Оның қуанышы» атты мақаласы мен газеттің 16 наурыз күнгі санында жарық көрген «Қытайдан хат» атты тарихи жазбасында көрші елдің Сычуань провинциясы Цзы-гун қаласы 5-ші орта мектептің жас ұстазы Чжоу Бай Сяоға сол тұста Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектеп оқушысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жазған хаты жарияланыпты. Осыған қарап-ақ Елбасының бала кезден бастап қоғамдық жұмысқа белсене араласып, туған жері Үшқоңырдан самғаған сұңқардай қияға қанат қаққан кемел тұлға екенін аңғарамыз.
Өлмесхан БОЛАТБЕК,
қоғам қайраткері,
«Құрмет» орденінің иегері
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Өнер • Бүгін, 20:31
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар