Аймақтар • 26 Маусым, 2020

Қарағандының сақшылары су жаңа автокөлік мінді

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Кеншілер астанасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті полиция департаментіне су жаңа 186 автокөліктің кілтін онлайн режимінде  табыс етті", деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандының сақшылары су жаңа автокөлік мінді

Аталған көліктердің барлығы дабыл-дауыс күшейткіш қондырғылармен және радио байланыспен жадбықталған.

Облыстың тәртіп сақшыларын кәсіби мерекемен құттықтаған өңір басшысы полиция қызметкерлерінің қазіргідей қиын кезеңдегі жанкешті еңбегін ерекше атап өтті.

"Бұл автокөліктер сіздерге қызметтеріңізді жедел және қауіпсіз жағдайда атқаруларыңызға көмегін тигізеді деп сенемін", деді Жеңіс Қасымбек.

Жаңа көліктердің негізгі бөлігі ішкі істер органдарының алдыңғы шептегі буыны және тұрғындармен қоян-қолтық жұмыс істейтін жол-патрульдік қызметіне, сондай-ақ полицияның учаскелік инспекторларына берілді.