Қазақстан • 26 Маусым, 2020

Елімізде тау-кен металлургия саласында қосымша мамандықтар даярланады

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек нарығын өзгертетін негізгі технологиялық трендтер мен технологиялар талданатын Жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер атласы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Елімізде тау-кен металлургия саласында қосымша мамандықтар даярланады

Атластың негізгі ақпараты кәсіптің 3 санатын анықтауға бағытталады: жаңа, өзгеретін және жойылатын кәсіптер. Естеріңізге сала кетейік, Атлас экономиканың 9 басым саласы негізінде құрылған: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс.

 

Қазіргі аралық нәтижелер бойынша "BTS Education" атласы шеңберінде ТМК секторларында сұранысқа ие жаңа мамандықтар тізімі құрылды.

 

Министрлік ЖОО-мен осы кәсіптерді оқу бағдарламасына енгізу мүмкіндігін пысықтауда және бүгінгі күні келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

 

- Министрлік үш ЖОО-мен жаңа мамандықтарды енгізу аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды (О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);

 

- 9 университет жаңа мамандықтарға оқытуға келісім берді.

 

Осы бағыттағы жұмыс белсенді жалғастырылады. Елбасының тапсырмасына сәйкес өнеркәсіпті цифрландыру және Индустрия 4.0 көшу бойынша жұмыс. Ал осы бағыт мұнда барлық нәтиженің маңызды бөлігі саналады.