Қазақстан • 28 Маусым, 2020

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ журналистерді мерекелерімен өзгеше құттықтады

234 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ үшінші жыл қатарынан журналистерді кәсіби мерекелерімен ерекше түрде құттықтайды. Биыл компания жүз журналистің атынан кішкентай Карим Калиевті емдеуге 1 млн теңге аударды, деп хабарлады қоғамның баспасөз қызметі.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ журналистерді мерекелерімен өзгеше құттықтады

Карим бес жарым жаста. Туғаннан бастап оның ата-анасы кішкентай ұлдардың ауруы –церебральды паралич (БМС) және спастикалық тетрапарезбен күресіп келеді. Баланың анасы Юлия Хасенованың айтуынша, жүктілік қалыпты өткен, жағдайдың осындай болуының хабаршылары болмаған. Жағдай күтпеген жерден ұшады. Бала 22 сағат сусыз кезеңде болып, гипоксиядан зардап шеккен. Жағдай қауіпті сипатқа ие болған кезде дәрігерлер кесар отасын өткізуге шешім қабылдады. Карим дүниеге мерзімінен ерте келді. Бала туғаннан кейін бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, ал бірнеше күннен кейін оның миына қан құйылып, қан сепсисі орын алған. Қан құю кезінде баланың аман қалуы екіталай еді, бақытына орай, тірі қалды. Стационардан шыққаннан кейін дәрігерлердің табалдырығын тоздырып, сан алуан дәрі-дәрмектерді қабылдау кезеңі басталды, бұның салдарынан Каримнің бауыры қатты зардап шекті, себебі емдеу мерзімі 8 айға, бала уытты гепатитке шалдығып, әрең дегенде қол жеткізілген дағдыларының толық регрессі пайда болғанға дейін жалғасқан.

Баланың жағдайын жақсартуға арналған әдістемелер мен курстар көп, бірақ олардың барлығы баланың ата-анасының әлі келмейтін үлкен қаржылық шығындарды талап етеді.

Каримді мәскеулік остеопат маманға емделуге апарған. Нәтиже қысқа мерзімді болса да бар, сондықтан мезгіл-мезгіл бәрін басынан бастауға тура келеді.

2017 жылдан бастап Карим Мәскеуде Надежда Лоскутованың орталығында көмек алады, онда баланы "BFM" әдісі бойынша емдейді. Сонымен қатар, Каримнің анасы Юлия осы әдіс бойынша оқып, үйде ұлымен өзі айналысады.

Сондай-ақ, Юлия Каримнің миының дамуына бағытталған "ABM" әдістемесімен айналысады. Осы уақытқа дейін бұл сабақтар Қарағандыда өткен, бірақ топтардың жинақталмауына байланысты отбасы Нұр-сұлтанға қатынауға мәжбүр. Бұл аса қажет, себебі Каримде жоғарыда айтылған сырқаттардан тыс микроцефалия анықталған. Ал осы әдістің арқасында, балада айтарлықтай прогрес бар: дәрі-дәрмектерсіз бас сүйегі өсті, ол басын ұстап, аяққа тұра бастаған, оның көру және сөйлеу қабілеттерінің де дамуында да айтарлықтай жақсарулар бар.

Баланың толық айығып кетпесе де айтарлықтай жақсаруына мүмкіндік бар. Өкінішке орай, осындай жағдайларда жиі болатындай, бәрі қаржыға келіп тіреледі. Елордаға емделу үшін барған сайын 350 мың теңгеден жұмсалады, ал Мәскеуге соңғы рет барғанда 1 млн 200 мың теңге шығындалған. Емдеуден басқа басқа да қажеттіліктер бар: балаға шомылу орны, арнайы арба және тағы басқалар қажет.

Бастапқыда баланы емдеу мен оңалтуға қаражат жеткілікті болатын, бірақ кейін көмек сұрауға тура келді.

Юлия Хасенова, Каримнің анасы: "Біз қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалмауға тырысамыз, мен өз баламның денсаулығы үшін күресуді жалғастыратын боламын. Бірақ өз күшімізбен мұны істеу өте қиын. Ал енді Карим  үшін сыйлықтар мен банкеттен бас тартып, қайырымдылық жасауға бел буған журналисттердің арқасында біз емдеуді жалғастыра аламыз. Мен бізге көмектесетін жандардың табылғанына өте қуаныштымын. Біздің оларға ризашылығымыз шексіз. Қазір біз қайтадан 13 шілдеге шақыру алдық және шекараның ашылуын күтудеміз. Осы қаржылық көмек бізге үлкен септігін тигізді. Қарағанды облысының журналистері мен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына үлкен рахмет!