Аймақтар • 28 Маусым, 2020

Қарағандыда журналист Мартбек Тоқмырзаға ескерткіш тақта орнатылды

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Бұқаралық ақпарат құралдары күні мерекесінде қоғам белсенділері тағылымды іс тындырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда журналист Мартбек Тоқмырзаға ескерткіш тақта орнатылды

Бүгін Қарағанды қаласында журналист, сатирик, ұстаз Мартбек Тоқмырза тұрған Құрылысшылар даңғылындағы №13 үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Тәрбиелік мәні зор өнегелі істің басы-қасында марқұмның шәкірттері жүрді.

Мартбек Тоқмырза 1968 жылдың 7 наурызында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Журналистикадағы еңбек жолын 1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін тәмамдағаннан кейін, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында бастаған.

Одан кейін халықаралық «Азаттық» радиосында еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың журналистика кафедрасында  оқытушысы болып, ұстаздық қызметпен айналысты.

Мартбек Тоқмырза 1999 жылы халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Журналистика» аталымы бойынша лауреаты болған. «Мәселенің мәні»,  «Жымиясың сен неге?» атты кітаптардың авторы.

Талантты журналист, ұлағатты ұстаз 2010 жылы дүниеден өтті.