Қазақстан • 29 Маусым, 2020

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы - Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның қаржы орталығында - Алматы қаласында - Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Д. Ғалиева тағайындалды.

ҚРҰБ Өкілдігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, Қаржы нарығы субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз қарым - қатынасты жалғастырады", делінген хабарламада.