Қазақстан • 29 Маусым, 2020

Аида Балаева: Ақпаратты қолжетімді ету - министрліктің басты міндетінің бірі

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аида Балаева "Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет" қалыптастырып, ақпаратты қолжетімді ету министрліктің басты міндетінің бірі екенін атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева: Ақпаратты қолжетімді ету - министрліктің басты міндетінің бірі

"Министрлік жұмысының келесі бір үлкен бағыты – халық үніне құлақ асатын мемлекет пен ақпаратты қолжетімді ету. Әрине, бұл барлық мемлекеттік органдарға ортақ міндеттер. "Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет" идеясы қазір қоғамның қызу қолдауын тауып, шын мәнінде үлкен үміт күтетін концепция болып отыр. Оның аясында осы уақытқа дейін біраз шаруа атқарылды. Мәселен, министрлік басшылығының азаматтарды тұрақты түрде қабылдауы мен олардың өтініш-тілектерін бақылау ісі бір жүйеге келтірілген. Министрдің жеке блогы да үздіксіз жұмыс істейді", - деді министр.

Сондай-ақ министрдің сөзінше, ақпаратқа қол жеткізу қамтамасыз мақсатында бірқатар шара қолға алынып, жүзеге асқан. 

"Қазірдің өзінде мемлекеттік органдарға қарасты көптеген мекеме осындай модельмен жұмыс жасап отыр. Мәселен, 100-ден аса ұйым "Ашық диалог" порталында бірінші басшыларының блогын ашты. Сөйтіп, порталда көптеген ашық мәлімет жариялана бастады. Тағы бір атап өтетін жайт - қазір біз жалпақ елге ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталын жасап, іске қосудамыз. Бұл жерде Үкімет пен жергілікті органдар жүзеге асырып жатқан барлық бағдарламалармен түсінікті әрі қолжетімді түрде танысуға болады", - деді Аида Балаева.