Басылымның мәліметінше, қаланың жекеменшік ауруханаларының бірінде өрт шықты. Соның салдарынан жеті науқас тұншығудан қайтыс болған. Сондай-ақ аурухананың жеті қызметкері де ауыр жарақатпен реанимацияда жатыр.
Өрттің туындау себебі электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан орын алған. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер аурухананы бақылауда ұстап отыр.