Айтулы шешімді Еуропалық хабар тарату одағы ұйымның басқарма комитетінің анонимді сайлауы нәтижесінде жариялады.
Қазақстанның сайысқа қатысуға мүмкіндік алуы еліміздің ең ірі медиа холдингі саналатын "Хабар" Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуының арқасында мүмкін болды.
Еске сала кетсек, 2018 жылы Данелия Тулешова "Өзіңе сен" әнімен сайыста алтыншы орынды иеленді. Өткен жылы "Арманыңнан қалма" әнін орындаған Ержан Максим екінші орынға (қазылар алқасының шешімімен – бірінші) қол жеткізді.